Билл Гейтстің шындыққа айналған болжамдары

Билл Гейтстің шындыққа айналған болжамдары

Осыдан біраз жыл бұрын Билл Гейтс: «Біз ғаламтордан ең тамаша сабақ мазмұндарын таба аламыз, бұл әрқандай бір университеттен де асып түседі» деген болжам жасаған болатын. Гейтс «Жұртшылықтың мағлұматы қаншалықты деңгейде болуына қарамастан, барлығы да ғаламтордағы түрлі дереккөздер мен мәліметтерді пайдаланады» деген пікір айтқан-ды. Ал бүгінгі күнде осы болжамдардың бәрі шындыққа айналуда. Жай ғана 2012 жылға мойын бұрар болсақ, Стэнфорд, MIT сынды танымал жоғары оқу орындарының профессорлары МООС (ғаламтордағы көлемді ашық сабақ) ағымын қалыптастырып, оны дамытқан болатын. АҚШ-тың Аризона, Клевеланд, Арканзас сынды 40 университеті барлық сабақтарын интернетке қоюға ниет танытып отыр. Студенттер мен тыңдаушылар оқу аудиториясына келмей-ақ өз сабақтарын оқып, ғылыми атақтарын қорғауына болады. Оның үстіне бұл білім алуға кететін оқу ақысын да төмендетуге зор мүмкіндік туғызып отыр.

Осыдан бірер апта бұрын Билл Гейтс "Ask Me Anything" («Менен бірдеңелерді сұра») атты әлеуметтік желі қолданушылары сұрақтарына жауап берді. «Сіз қалай ойлайсыз, жаңа технология күн санап, ай санап жаңаланып отырған бүгінгі күнде қазір барлық отбасының ең қарапайым дүниесі болып есептелетін компьютер сияқты әлемді дүр сілкіндіретін тағы бір жаңа дүние туындай ма?» деген сұраққа, Билл Гейтс: «Құлтемірлермен біз күн сайын қарым-қатынас жасап отырмыз. Жай ғана компьютердің өзі соның жанды мысалы. Оның есту, жазу қуаты өте керемет. Адамдар үшін атқарған қызметінің өзін айтып жеткізу мүмкін емес», дей келе өзінің жақын болашақта автоматтандырылған құлтемірлердің адамзат өміріне үлкен өзгерістер жасайтынына кәміл сенетінін айтты.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mnn.com 

M. Auelkhan