"Массагет" аялдамасы

Бас бет / Есенғали Раушанов: "Құлыншақ"

Есенғали Раушанов: "Құлыншақ"

Болмыспен бетпе-бет қалғанда сөйлейтін жүрек сөзі – өлең. Дүниенің сан қыры мен сырына тереңдей бойлап, байыз таппай аласұрған жанын жырға жасырған шимайлы тағдыр иесі – ақын. Биыл қазақтың белгілі қаламгері, көзі тірі классик Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы. Ақын туралы кезінде қазақтың Қадыры: "Оны мәдениеті зор ұлттық ақын деуге болады. Мәселе қара өлеңге "шекпен жабуда" емес. Алдымен, ұлттық бояуы, нәр-нақышы, суреткерлік сыр-сипаты дәстүрлі фольклорлық, жыраулық қайнарлардан қайнап шығып, әлем әдебиеті үдерістерімен әдемі қойындаса келіп, әрі қазақтық, әрі адамзаттық асыл сөз сомдау даралығында. Бір сөзбен түйіндесек, ақын Е.Раушанов шығармаларының қай-қайсысы да қазақ поэзиясының шын мәніндегі алтын қазынасы деуге аузым барады" десе, ақын Байбота Қошым-Ноғай: Есенғали өлеңдерін қарапайым деп те, күрделі деп те қарастыруға болады. Оның бояуы қанық "қарапайым" бір өлеңінде бізге таныс-бейтаныс бәз біреудің бет-бейнесі айқын бедерленіп, адамның айшықты образы ажарланып жатса, тағы бір "қарапайым" өлеңінде шарпысқан психологиялық көңіл-күй көрінеді. Ақын өлеңдерінің шынайылығын өмірдің өз суретін бейнелейтін живописьпен салыстыруға болады. Ол көзімізге көбінесе бейне бір мольберт алдында байыз таппай, көкейіндегі көріністі әрлей түсуге түрлі-түсті бояу таңдап, күйгелек күй кешіп тұрған сабырсыз суретші секілді көрінеді" деген еді. Ақынға ақыннан артық ешкім баға бере алмасы хақ. 

Осы айтулы датаға орай әдебиеттің, оның ішінде өлең өлкесінде жүрген жастар ақынның жауһар жырлары оқылған видеоролик түсірген-тін. Бүгін сол көркем дүниені қазақ руханиятымен әм жалпы жұртшылықпен бөліскенді жөн санадық.

Тегтер: Есенғали Раушанов, ақын, поэзия, өлең, Құлыншақ, 60 жылдық мерейтой

1072 4
Рейтинг: +9

Қосылған күні:16 ақпан, 16:05
Тегтер:Есенғали Раушанов, ақын, поэзия, өлең, Құлыншақ, 60 жылдық мерейтой
Пікірлер
+3
16 ақпан, 16:13

Қабырғамды қайық қып жеткіздім мен,
Жан анамның табытын арғы бетке...

+2
16 ақпан, 16:30

Жақсы шығыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...