- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- "Amazon" алғаш рет...
"Amazon" алғаш рет "Google"-ді басып озды
Әлемдегі ең ірі интернет-дүкендерінен бірі «Amazon» корпарациясы қаржы нарығында өзінің негізгі бәсекелестерінің бірі «Google» ге иелік етуші «Alphabet» корпарациясынан алғаш рет басып озды.
Қазіргі уақытта «Amazon» 763,27 миллиард долларға бағаланып отыр. Қаңтар айынан бері «Amazon» корпарациясы акциялары 29 пайызға өскен. Ал, «Alphabet» акцияларының бағасы жыл басынан бері бірнеше рет өзгеріп отыр. 2017 жылғы есеп нәтижелері бойынша «Amazon» ның таза пайдасы 3,033 миллиард доллар болып, сауда-саттықтан келетін пайдасы 177,866 миллиард долларға жеткен.
Айта кетсек, қазіргі күнде «Amazon»нан да акциялары қымбат корпарациясы бұл – «Apple». Екі корпарация арасындағы қаржылық айырмашылық әлі де бірталай. Apple» қаржысы 892 миллиард долларға тең. «Amazon»ның қаржы нарығында нық тұруы инвесторларға байланысты болып отыр. Статистика мәліметінше, «Amazon» қызметінен әр жылы 196 миллионнан артық клиент пайдаланып келеді.
Т. Раушанұлы