- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- «7-20-25» бағдарламасы мамырда...
«7-20-25» бағдарламасы мамырда бекітілетін болды
«7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде мәлімдеді.
Жыл ортасында дайындық шаралы толық аяқталып, ары қарай кредит бере бастаймыз деген ойдамын. Бұл кредиттің алғашқы пулы қалыптасқаннан кейін бізге қарасты ұйым аталған несиелерді сатып алады яғни механизм іске қосылады. Қатысатын банктердің де жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге несие береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл көрсеткіш кемінде 30-40 пайызға артады деп отырмыз. Жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес бірақ өз жұмысын «7-20-25» бағдарламасына сәйкес келетін пәтерлер бойынша «Нұрлы жермен» үйлестіріп отырады. Кредиттің максималды көлемі анықталатын болады. Несиеге 20 миллион теңге салынса онда несие алушы айына 140 мың теңге төлеуі керек. Ал, несие мөлшері 7 миллион теңге болса онда оны алушы айына 50 мың теңге төлейді. Бағдарлама жалпылай икемді. Бес жылдың ішінде Ұлттық банкке қарасты ұйым триллион теңгедей қаржы тарта алады деген үміттеміз», - дейді Смоляков.
Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысында «7-20-25» бағдарламаны ұсынған болатын. «Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», - деген еді жиын отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Т. Раушанұлы