- Негізгі бет
- Психология
- Біз кейде......
Біз кейде...
Кейде... Адам сан түрлі сезімді басынан өткереді. Болмайды деген нәрсенің өзі болып кетуі бек мүмкін. Кей кездері өмірдің мыңдаған хаостан тұратынына көзіңіз жетеді. Кейде ойлағаныңыз жүзеге асса, кейде аспай қалады. Ақ пен қара арпалысқан алаңда небір жайтқа кезігесіз. Кейде мынадай жағдайлар орын алады.
***
Кейде адамдар өмір бойы ізденісте жүреді, ал кейде іздегенін бір-ақ күнде тауып алады.
***
Кейде біз өте ұзақ күтеміз, ал кейде біреулерді күттіріп қоямыз.
***
Кейде біреуді кездестіреміз де, осы адам менің өмір бойы іздегенім деп ойлаймыз, ал содан кейін оны шығарып салып тұрып, бәрі осылай болу керек болған деп тұжырымдаймыз.
***
Кейде біз күлкіден жылап жібереміз, ал кейде жылап қалмас үшін күлеміз.
***
Кейде біз соғып тұрған желге қарама-қарсы бағытта қолымызды екі жаққа жайып, желдің бостандық энергиясын құшамыз, ал кейде күртешемізге тығылып, шарфымызды қаттырақ байлап аламыз.
***
Кейде күнге қарап, оның жылы сәулелеріне бетімізді төсеп, күлімдейміз, ал кейде күннен қорғанатын үлкен көзілдіріктерді тастамаймыз.
***
Кейде біз тілдесуге ұмтыламыз, өз көзқарасымызды дамыту үшін жаңа достар табамыз, әлдеқайда асығамыз, ал кейде көзімізді жұмып, жанға рахат сыйлайтын өмірде тек тыныштықтан басқаның керек емес екенін сезінеміз…
Ж. Жұмағұлов