- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән: «Smart-casual»...
Көктемгі сән: «Smart-casual» стилі
Сән үнемі өзгеріс үстінде болады. Эволюция жолымен бірте-бірте дамып, жаңа өнімдермен толығып отырады. Бірнеше стильдің бірігуі, өзара араласуы арқылы жаңасы пайда болады. Бұрын-соңды естімеген атаулар қолданысымызға енеді.
Бүгінгі таңда casual стилін «smart-fashion» немесе «smart-casual» деп атаймыз. Бұл – ресмилік пен еркіндікті үйлестіре білген әмбебап стиль. Оны өзін көрсетуден қорықпайтын, тәуелсіз болуды жөн көретін жастар таңдайды. Деним мен трикотаж мата жайлылық сыйлап, тәнді жылыта түседі. Аксессуарға келетін болсақ, мойынорағыш, көзілдірік, жаулық сынды қарапайым түрлері ғана қолданылады. Мойынорғыштардың түсі костюмдікімен немесе жемпірдікімен бірдей немесе түсі қанығырақ болғаны жөн. Мұнымен қатар, сөмкеге де ерекше назар аудару керек. Оның барынша қолайлы болғаны дұрыс. Әдетте қайықша мен макосин аяқ киімдерін киеді.
Белсенді жастар брендтердің жаңа топтамасын үнемі жіті бақылап отырады. Бұл барлығында интернеттің бар болуымен байланысты болса керек.
Көйлек - 12 990 теңге
Сөмке - 7 990 теңге
Аяқ киім - 18 990 теңге
Бұл стиль қалай көрініс табуы керек?
Гардеробтағы киіміміз аз болса да, стильдің іскерлік екенін ескеріп, түрліше киінуге болады. Жейдені жемпірмен алмастыруға немесе жейденің үстінен жемпір киюге де рұқсат беріледі. Жоғарғы түймесін ашық қалдырып, жейденің жеңін қайырып қойыңыз. Жемпірді кардигандармен, желеткілермен алмастыруды ұмытпаңыз. Водолазкілерді де ескергеніңіз жөн. Жейденің жағасын желден қорғанып тұрғандай көтеріп, шалбардың балағын қайыруға да болады.
Киімді жұмысқа киіп баруға да, жұмыстан кейін достармен бірге қыдыруға да ыңғайлы болатындай етіп үйлестіріп кию керек. Ең бастысы, үйлеспейді деген киімдерді қатар киюге қорықпаңыз. Батыл болыңыз. Сырт көзге әдемі болып көрінуінен бұрын өзіңізге барынша жайлы болуына қадағалаңыз.
Суреттегі қара көк түсті көйлек бірнеше жыл қатар сән әлемінің төрінен орын алуда. Оны бойжеткеннің "must have" заттарының қатарына кіреді десек те болады. ( "Мust have" сөзі ағылшын тілінен аударғанда міндетті түрде болуы тиіс деген мағынаны білдіреді). Мұндай жарқын атрибутты кез келген аксессуармен үйлестіре аламыз.
Іскерлік стильде киінгіңіз келсе, көк көйлекті пиджакпен толықтырыңыз. Күнделікті тұрмыста тоқыма жемпірмен киіңіз. Ал кешкі мезгілде қонаққа барар болсаңыз, қолыңызға клатч ұстап, биік өкшелі аяқ киім кигеніңіз жөн.
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай