Көше асханасы

Көше асханасы

Барлығы да дұрыс әрі уақытылы тамақтану керек екендігін жақсы біледі. Солай бола тұрғанымен, зиян екенін біле тұра жегіміз келіп тұратын тағамдардың қатары көп-ақ. Ал кейде, жолда кездесе кеткен бейтаныс тағамның өзін аузымызға алғымыз келеді. Көше тағамдары есіңізге түсті ме? Көше бойындағы самсалар мен кәуаптарды талай рет жеп көрген боларсыз. Сіз оларды кездейсоқ жесеңіз, төмендегі тағамдарды жеу үшін мұхит асып, арнайы іздеп келетіндер бар...

Жалбызды шәй, Морокко


Стақанның мойнынан асыра құйылған және аздаған қант қосылған морокколық жалбызды шәйді ішкісі келетіндер қаншама? Таңдайыңды кептіріп жіберетін аптапты ыстық күндері бұл шәйдің көмегі өте зор. Мороконың мәдениетімен танысып, жақындай түскісі келетін әрбір турист осы шәйді дайындауды және ішуді меңгеруі керек.

Тайвандағы Миаокоу аталатын түнгі базар


Миаокоу аталатын түнгі базардың орталығында ескі ғибадатхана бар. Оның төбесінен төніп тұратын сарғыш шырақтар сілекейді шұбыртатын тайвандық дәстүрлі тәттілерді айқын көрсетеді. Сіз бұл жерден ащы сорпаны, устрицадан жасалған омлетті, жабысқақ күрішті таба аласыз. Және көп кездесе бермейтін жеміс түрлерінің дәмін татасыз.

Шанхайлық тұшпаралар, Қытай


Шанхайлық көше саудагерлері көз алдыңызда тұшпара дайындап береді. Бұл тағам Шанхайда кең таралған және қолжетімді бағада табуға болады. Тұшпараның дәмін татқан шетелдік туристер екінші рет айналып келетін көрінеді.

Кеспе, Таиланд


Қытайлық Бангкока аталатын аудандағы аспаздар дайындайтын кеспе ашық отқа пісіріледі. Алыстан-ақ мұрынды жаратын хош иіс пен аспаздардың таңғаларлық шеберліктерінің алдында жай ғана қарап тұру мүмкін емес.

Жағажайлық жеңсік астар, Үндістан


Гоа жағажайында демалып жүргендер үзіліс жасағысы келсе, осы тәттілерден дәм татсын. Аньюна аталатын танымал жағажайдан тауық етінен жасалған тағамдар мен салқын суларды және басқа да үндістік тәттілерді жеуге болады.

Шегірткелер, Қытай


Қытайлық көше саудагерлері батыстық туристерді талдыртатын мына бір шегіртке "шоғын" қатты ұнатады. Алайда, жәндіктерден жасалатын тағам бүгінгі заманда жиі кездеседі. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасына сенсек, жер бетіндегі адамдар күніне құрт-құмырсқа, жәндіктердің 1400 түрін жейді екен. 

Банх Ми сэндвичі, Вьетнам


Вьетнам көшелерін жағалай орналасқан лашықтардан француз багетінен жасалып, көкөніс пен ет салынатын сэндвичтерін арзан бағала алуға болады. Вьетнамдықтар бұл тағамды таңғы асқа жегенді ұнатады екен.

Шұжық, Германия


Бұл жерде шұжықтың ең жақсы деген түрлері сатылады. Көше асханасын ұнататындар (әсіресе, әртүрлі фестивальдар мен жәрмеңкелерде) шұжық өнімдерін осындай орындардан іздейді.

Севиче, Перу


Перудің Манкора деп аталатын қалашығында аспаздар севиче аталатын тағам дайындайды. Севиче – Латын Америкасында кең таралған. Ол цитрустық шырынның, көбіне, лайм шырынының көмегімен жасалады және маринадталған балық, басқа да теңіз өнімдері қосылады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:vk.com