Сүйісуге тыйым салынған мекендер

Сүйісуге тыйым салынған мекендер

Талайлар құлы болған романтиканың да өзіндік заңдары және дәстүрлері бар екен. Мұндай ережелер көбіне сүйісуге байланысты.

Ендеше назарларыңызға сүйісуге тыйым салынған және заңды бұза қалған жағдайда қатаң жаза қолданатын ең атақты қалалар тізімін ұсынамыз!

Франция

Әлемдегі ең романтикалық қала саналатын Париждің өзінде сүйісуге тосқауыл қойылады деген ешкімнің түсіне де кіріп-шықпаған болар. Бірақ, сөзіміз рас. Францияның темір жол вокзалдарында сүйісуді ұмытуыңызға тура келеді. Бұл заң 1910 жылы қабылданған болатын. Сол уақыттан бере ереже қайта қаралған емес.

Ұлыбритания


Лондон қаласында да сүйісуге тыйым салынған. Тіпті метрода да мұндай әрекетке баруға еш болмайды. Таң қалудың керегі жоқ шығар, Лондон секілді мегаполисте небір ауруларды жұқтырып алу қаупі өте жоғары...

Мексика


Мексикада жағдай аздап өзгешелеу келеді. Олар ұзақ сүйіске тыйым салған. Десе де, жергілікті тұрғындар заңды ара-тұра бұзып жатады.

Индонезия

Индонезиялықтар сүйісуді барып тұрған "көргенсіздік" деп санайды және заңды бұзушыларға өте қатаң жаза қолданады. Аталған "көргенсіздікке" бара қалсаңыз, 10 жыл бас бостандығыңыздан айрылуыңыз мүмкін немесе 100 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелесіз.

Біріккен Араб Әмірлігі

Абу-Даби және Дубай жерінде де құшақтасуға, сүйісуге қатаң тыйым салынған. Заңды бұза қалған жағдайда, 10 күн түрмеге қамаласыз немесе 1000 доллар (ең аз мөлшері) көлемінде айыппұл төлейсіз. Жалпы әйел затының бетіне немесе ерніне тисе қалсаңыз, сізді қатаң жаза күтіп тұр.

Суреттер:travell-online.ru,botanichka.ru,beautys.ru,saransk.mor.slando.ru,russian.alibaba.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева