Әлемдегі ең үлкен бассейн

Әлемдегі ең үлкен бассейн

Бұған дейін әлемдегі ең әдемі бассейн-инфинитилері туралы айтқан едік. Ал әлемдегі ең үлкен бассейн қайда орналасқан деп ойлайсыз?

Чили Алгаробо қаласындағы Сан-альфонсо дель Мар шипажайында орналасқан бассейн әлемдегі ең үлкен бассейн болып есептеледі. Оның ұзындығы 1 километр, жалпы алаңы 8 гектар жерді құрайды. Ол көлемі бойынша, 20 олимпиада бассейнінен асып түседі әрі көлемі жағынан екінші орында келе жатқан (Касабланка, Марокко) бассейннен 6 есе үлкен. 

Бассейн сонымен қатар Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең терең бассейн ретінде де енген. Оның ең терең жері - 40 метрге жетеді. 

Аталған бассейн бес жыл құрылыс жұмыстарынан соң, 2006 жылдың желтоқсан айында ашылған. Архитекторлардың айтуынша, оның құрылысына 1 миллиард АҚШ долларынан аса қаржы жұмсалған. Ал бассейнді қадағалап, қажетті жағдайда ұстау үшін жылына 2 миллион доллар жұмсалатын көрінеді. 

Алып бассейн тікелей теңіз суымен толтырылады. Ол судың ағуы компьютер жүйесі арқылы басқарылады. Су теңізден (мұхиттан) тартылып, күн сәулесімен 26 градусқа дейін қызады. Алып бассейнді толтыру үшін 250 миллион литр су қажет екен. Судың мөлдірлігі соншалық, тіпті ең терең жердің өзінде теңіз түбін көруге болады. 

Бассейн қонақтары шағын қайықтар арқылы да серуендей алады. 

Сурет: webpark.ru, mirfactov.com

Ж. FM