Бүгін Қытайда ағаш егу күні

Бүгін Қытайда ағаш егу күні

Жыл сайын көктем мезгілінде Қытай елі ағаш егу мерекесін атап өтеді. Бұл мереке Қытай және Тайвань елдерінде мемлекеттік мәртебеге ие. Ұлы төңкерісші, қоғам қайраткері Сунь Ятсеннің (Sun Yat-sen) дүние салған күнінде, яғни 12 наурызда елдің бар аймақтарында ағаш отырғызылады.

Сунь Ятсен көзі тірісінде жаппай ағаш отырғызу шараларын жиі ұйымдастырған. Өмірден өткен соң, оның ізін партия мүшелері мен билік басшылары жалғастыра бастады.

1981 жылы V Қытай халқының ұлттық конгрессінің төртінші отырысында «Ерікті ағаш егу шарасы» туралы шешім қабылданады. Шешім қабылдау барысында «Ағаш отырғызу күні» деп 12 наурыз бекітіледі.

Бұл шешім талқыланған кезде 11 жастан 60 жасқа дейінгі әрбір дені сау, ақыл-есі дұрыс азамат бір жылда бес ағаш егіп, олардың өсіп кетуіне ықпал ету тиіс деген талаптар қарастырылды. Егер де белгілі бір себептерге байланысты ағаш егу мүмкіндігі болмаса, ол өзге ағаштарды суару, әктеу, жан-жағындағы арам шөптерін жұлу, қопсыту сияқты жұмыстарға ат салысуға міндетті.


Бір қызығы, аға егу шарасы алып мұхиттың ар жағындағы Америка елінің Небраска қаласы бастау алған. 1872 жылы АҚШ Ауыл шаруашылық министрі, белгілі саясаткер  Стерлинг Мортон бұл шараға мемлекеттік мәртебе берді. Қазіргі таңда жаппай ағаш отырғызу шарасы бірқатар елдерде әр түрлі мезгілде жүргізіледі.

Тайвань елінде бұл мереке 1927 жылдан бері аталып өтіледі. 1914 жылы Нанкин университетінің қарамағындағы ауыл шаруашылық колледжінің негізін қалаушысы Ауыл және орман шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жазып, Америка елінде өткізілетін шара туралы баяндайды.

Қытай елінің көсемі Сунь Ятсеннің қалап кеткен шарасының өрісі жыл сайын кеңейіп, көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде өткізіледі. Қазіргі таңда ағаш егу шарасына саяси партиялардың мүшелері, жоғары шендегі билік басшылары, мектеп оқушылары, жас буын өкілдері, орта жастағы азаматтар қатысады. Бұл шара патриоттық рухты көтеріп қана қоймай, елді бірлік мен татулыққа шақырады.


Әуелі ерікті болған ағаш егу шарасы мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан соң, оның маңыздылығы одан әрі арта түсті. Жергілікті халық жас желкендерді отырғызып қана қоймай, бау-бақша, саябақтар мен аллеяларды тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Шараға қатысушылардың айтуы бойынша, ағаш отырғызу кез келген адамның өмірлік парызы және ғұмырындағы ең үлкен істердің бірі.

Ағаш отырғызу шарасы Америка, Украина, Оңтүстік Корея, Алжир, Мысыр, Жапония, Бразилия, Германия, Португалия, Бельгия, Италия елдерінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Біздің елде де ағаш отырғызу дәстүрге айналып келеді.

Суреттер: kalendar-prazdnikov.ru, bfm.ru, habeo.ru

Ғ. Ұзақ