YouTube-те әйгіленген брендтер

YouTube-те әйгіленген брендтер

2005 жылы-ақ әлеуметтік желілер күш-қуатының әлемді өзгерте алатынын дәлелдеп берді. Мәселен, YouTube...

Қолданушылар қалаған уақытында Adobe Flash және HTML5 технологиялары арқылы қызықты видеоларын енгізіп, көріп, тарата алады. Бұл дегеніңіз – әлемге үніңізді шығара аласыз деген сөз емес пе?! YouTube-те әркім де жұлдыз бола алады. Бұл жерде өзгелерге қарағанда бір қимылмен екі адым жасаған брендтерді айтпай өтуге болмас. Осыған байланысты, 2012 жылдың ең үздік делінген бренд-видеоларын топтастыруды ойладық.

1. Nike Football өз көрерменімен қалай тіл табысуды біледі.

Компания өз видеосымен 20926700 көрілім жинап, биылғы чемпион атанып отыр. Nike-тың видеосы көрілімді көп жинады деп таңғалудың реті жоқ, себебі компания жарнамалық роликке әлемнің үздік деген аяқдопшыларын таңдап, енгізген. Оның ішінде Уэсли Шнайдер (Нидерланды), Франк Рибери (Франция), Хавьер «Чичарито» Фернандес (Мексика) секілді ойыншылар бар.

2. Pepsi: Ойнай берсеңіз, тәжірибе ешқашан да жоғалмайды...

Pepsi-дың 2 орын алуы заңды да. Ролик 17997828 көрілім жинаған. Күлкілі видеода Кайри Ирвинг («Cleveland Cavaliers» клубының баскетболшы), Дрю атайдың рөлін сомдайды. Сөйтіп, көшедегі шал жастарды өз өнерімен таңдандырады. Мазмұны «көп ойнасаңыз тәжірибе жоғалмайды» дегенге келеді.

3. Rock Star Games: ойыншыларыңызды қанаттандырып отырыңыз...

Rock Star Games компаниясы YouTube-те 15530744 көрілім жинап, үшінші орынды қанағат тұтқан. Бұл Grand Theft Auto V видеоойынының жарнамасы. Геймерлердің арасында бұл атау белгілі дәрежеде бредке айналып үлгерді.

4. Chrysler және Клинт Иствуд.

Автокөліктердің ішінде ең әйгілісі саналатын Chrysler компаниясының видеосы 11290898 рет көрілген. Өз жарнамасын олар Детройттағы автокөліктер дағдарысына жауап ретінде шығарған. Клинт Иствудты өз компаниясының өкілі ретінде көрсеткен олар бұл қадамы арқылы әйгілене түсті.

5. Nike Football: кроссовка бәрін де шешеді...

Бесінші орында тағы да Nike Football. Компанияның жинаған 10062000 көрілімі Криштиану Рональду мен Рафаэль Надальдың арқасы ма екен, кім білсін... Әйтеуір ел-жұрт қарайтын, қарап қана қоймай, тамсанып, талқыға салып жүрген видео брендті алға қарай жылжытуда. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mk.ru

А. Құлтай