Бразилиялық әлемге танымал карнавал

Бразилиялық әлемге танымал карнавал

Бразилияның ең танымал карнавалы Рио-де-Жанейрода 1928 жылдан бері өткізіледі. Карнавалдың ашылу салтанаты сенбі күні, Пасха мерекесіне тура 7 апта қалғанда болады. Салт бойынша сағат 19.00-да Рио-де-Жанейро басшысы карнавалды салтанатты түрде ашып, оның тізгінін карнавал ханына тапсырады. Бұл күндері карнавал Бразилияның барлық ірі қалаларында өтеді.

Бразилияның карнавалы – бұл энергияға толы, тартымды латын сылқымдарының би шеберлігін көруге мүмкіндік беретін қызықты мерекелік шара. Төрт күн бойы саны екі мыңнан бес мыңға дейін жететін Рио-де-Жанейроның ең үздік 12 самба мектептері өзара жарысқа түседі.

Рио-де-Жанейрода өтетін карнавалда әр мектеп алдын ала дайындаған «сахналық көрінісін» көрсетіп, оны туған жерге арнайды. Әр мектептің шеруі бір жарым сағатқа дейін созылуы мүмкін. Көрермен қауым сахналық көріністерді үлкен шаттықпен бақылаған кезде, әділқазылар өз бағасын беріп жатады.


Карнавалды ұйымдастыру мен самба мектептері

Карнавалды Рио-де-Жанейро қаласының туризм министрлігі, Самба мектептерінің одағы (Liga Independente das Escolas de Samba do Rio de Janeiro (LIESA)) және карнавалды көрсететін бірқатар телекомпаниялар ұйымдастырады.

Жыл сайын әр самба мектебі белгілі бір тақырыпты таңдап, костюм мен қойылым алаңын анықтайды. Содан кейін хореография, ырғақ, екпін, тұсаукесу рәсімдері жүргізіледі.

Самба мектептері футбол ойынындағыдай төрт одаққа бөлінген. Әр жыл сайын алғашқы одақтан жоғары ұпай санына ие болған бір мектеп алға шығып, «ерекше топқа» (Grupo Especial) енеді. Grupo Especial-да жеңіске жеткен мектеп ақшалай сыйақы алады. Бірақ, байқауға қатысушылар үшін ең жоғарғы сый «ерекше топтардың» қатарына ену болып табылады.

Реттілік пен бағалар

«Ерекше топтың» реттілігі жеребе тастау арқылы анықталады. Карнавалдың екі күнінде, яғни жексенбі мен дүйсенбі күндері 6 мектеп өз өнерлерін көрсетеді. Әр өнер көрсетуші мектептің адам саны үш-бес мыңға жетеді. Қатысушылар адам саны қырыққа жететін топтарға бөлініп, 5-8 көліктің үстінде өнер көрсетеді. Өнер көрсету уақыты әр мектеп үшін 82 минутты құрайды.

Әділқазылар алқасы соқпалы музыкалық аспаптардың ырғағын, ән, би, көріністің көркемділігін, қойылымдағы мектептің бірігуін, сонымен қатар, алдыңғы шендегі ту көтеруші әйелдің (порт. porta estandarte) өнерін бағалайды.


Эстасио ауданында орналасқан «Самбадрома» мінбесіне 88 500 көрермен жиналады. Алаңдағы шеру ұзындығы 700 метрден басталып, мерекелік күндері 10 сағатқа дейін созылады.

Сәрсенбі күні түскі уақытта 40 төрешілердің күшімен, тікелей эфирдегі  телеарналардан көрсетілетін әр ондық категориясының төртеуі арқылы жеңімпаз анықталады. Жеңіс марапаты салют пен жеңген мектепке құрмет көрсету арқылы жүзеге асады. Ал екінші және үшінші орын алған мектептерге ақшалай сый беріледі.

Дайындық

Келесі карнавалға дайындық бірден шеру біткеннен соң басталады. Дара демеушілер әр қатысушы үшін көптеген шығынға батады.

«Самбадромада» орналасқан шағын мұражайда карнавал тарихы, салт-дәстүрі, карнавал жайлы ақпарат ағылшын тілінде айтылады.

Жағымсыз көріністері

Карнавал кезінде жан-жақтан келетін туристтердің санының артуына байланысты көптеген қонақүйлерде орын болмайды. Кариокилер (порт. Cariocas, Рионың тұрғындары) карнавал уақытында қаладан кетуді жөн санайды. Карнавал барысында қылмыстық іс-қимылдар көбейіп, бұзақылық әрекеттер кең таралады. Халықаралық баспасөз өкілдері Риодағы карнавалды пайдаланып, қылмыстық жаңалықтар жайлы көп ақпарат таратады.

Форумда талқылау

Cуреттер: vmireinteresnogo.com, omyworld.ru

Ғ. Ұзақ