Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Бүгін, яғни 2013 жылдың 28 қаңтар күні Алматыда сағат 22.38-де жер сілкінісі болды. Әзірге құбылыстың параметрлері туралы ақпарат жарияланған жоқ. Сілкіністің эпицентрі де белгісіз.  Дегенмен мамандар қала тұрғындарын сақ болуға шақырады. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Сейсмология Институтының сайтында қала аймағында 2013 жылдың 30 қаңтарына дейін ешқандай жер сілкінісі болмайтындығы туралы айтылған еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz