- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Желтоқсан айында қазақстандықтар...
Желтоқсан айында қазақстандықтар 6 күн демалады
Қазақстандықтар ағымдағы жылдың желтоқсан айында алты күн демалатын болады. Сонымен қатар қазақ жұртшылығы осы жылы желтоқсан айында екі бірдей: ұлттық және мемлекеттік мерекені тойламақ. Оның бірі - Тұңғыш Президент күні, ал екіншісі - ҚР Тәуелсіздік күні. Биыл 1 желтоқсанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні аталып өтпек. Аталған мереке 2011 жылы Парламенттің шешімімен бекітілген. Өйткені 1991 жылдың дәл осы күні президент сайлауы өткен болатын.
Әйткенмен желтоқсанның бірі сенбі күніне түсіп тұр. Сондықтан демалыс дүйсенбіге ауыстырылды. Демек ҚР "Қазақстан Республикасындағы мерекелер заңына" сәйкес қазақстандықтар желтоқсанның 1,2,3 күндері демалады. Бірақ бұл бескүндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайтындарға қатысты. Алты күндік жұмыс істейтіндер тек желтоқсанның 1, 2 күндері ғана демалатын болады.
ҚР "Қазақстан Республикасындағы мерекелер заңына" орай, Тәуелсіздік күні қатарынан екі күн тойланады. Бірақ бұл жылы 16 желтоқсан жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күндері болып есептелетін 16-17 желтоқсаннан басқа, қазақстандықтар 18 желтоқсанда да демалады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: khabar.kz
А. Әбілхан