- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстан БҰҰ адам...
Қазақстан БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі болуы мүмкін
Қазақстан БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі болуы мүмкін. Қазақстан 2013-2015 жылдарға Азия-Тынық мұхит елдерінен БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің құрамына өз кондидатурасын ұсынды. Дауыс беру БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясында өтеді.
Адам құқығын қорғау комиссиясы БҰҰ жүйесіндегі халықаралық құқық қорғаушы орган. Ол 2006 жылдың 15 наурызында құрылды. Кеңес мүшесіне 47 мемлекет кіреді. Әрбір мүше өкілінің мерзімі үш жылды құрайды, және оны ешбір мүше екі мерзімнен ұзағырақ иемдене алмайды.
БҰҰ өңірлік топтары арасында орындар былайша бөлінеді: Африка мемлекеттері үшін 13 орын, Шығыс Еуропа мемлекеттері үшін алты орын, Кариб және Латын Америка мемлекеттеріне сегіз орын, Батыс Еуропа және басқа мемлекеттері үшін жеті орын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: untreaty.un.org
Б. Қосмағамбет