Таудан шанамен сырғанайық!

Таудан шанамен сырғанайық!
Фото: massaget.kz/Болат Айтмолда

Қысқы демалыс күндерін қызықты өткізуді жалғастырамыз! Өткен аптада Алматыдағы мұзайдындардың тізімін жариялаған болатынбыз. Енді сіздерді таза ауамен тыныстап, қарға аунап, балалықты еске түсіріп, көңілді демалыс өткізу үшін таудан шанамен сырғанауға шақырамыз!

  1. Түрген шатқалы. Туристік фирмалар ұсынатын арнайы демалыс бағдарламасы арқылы баруға болады. Жолдама бағасы: 1 жолдама=3 500 теңге. Жолдама құнына автобуспен алып келу-алып кету, жалға алынатын шана мен ватрушка*, ыстық түскі ас кіреді.
  2. Аю-сай. Мекен-жайы: Алмарасан шатқалы.
  3. Алматы-Бішкек трасса жолы.
  4. «Табаған» тау шаңғысына арналған курорт. Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы
  5. Бутаковка шатқалы
  6. «Ақбұлақ» тау курорты. Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы

 

Кәдеңізге жарар пайдалы кеңестер:

  • Таудан сырғанамас бұрын алдыңызда тас, ағаш, мұз, т.с.с бөгеттердің болмауына аса мән беріңіз;
  • Бірнеше шана я ватрушкаларды бір-біріне байламаңыз;
  • Ватрушка 150 килограммға дейін көтеретіндіктен, ватрушкаға бірнеше адамның отырмағаны дұрыс;
  • Шанамен я ватрушкамен сырғанаған кезде шалқайып жатпаңыз;
  • Таудан сырғанаған кезде басыңызға шлем кигеніңіз жөн;
  • Шана я ватрушка таңдаған кезде ақауларының болмауын мұқият тексеріңіз.

Фото: massaget.kz/Болат Айтмолда

Демалыс күндеріңіз сәтті әрі қызықты өтсін!

*Ватрушка – сырғанауға арналған дөңгелек камера

tiktok парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ғ. Ұзақ