Соңғы аудармалар

Клиптер/OST

Бас бет / Бірге аударайық / Фильмдер / Ұсақ-түйекшіл адам/ Педант/The Plan Man

Ұсақ-түйекшіл адам/ Педант/The Plan Man

Ұсақ-түйекшіл адам/ Педант/The Plan Man

Түпнұсқа атауы - The Plan Man

Орысша атауы -  Педант/ Человек с планом

Мемлекет: Оңтүстік Корея

Жылы: 2014

Түрі: толықметражды фильм

Актерлер: Чу Чжин Мо, Сон Пён Сук, Чан Кван, Чхве Вон Ён, Ю Сын Мок, Ха Чжэ Сук, Ким Джи Ён, Хан Чжи Ми, т.б.

Режиссері: Si-Heup Seong

Жанры: комедия, романтика

Аударған: Мейіргүл Оңғарова

Фильмге сипаттама

Әр қадамын бүге-шігесіне дейін есептеп жүретін Хан Чон Соктың сағаты да ерекше соғады. Ол үшін сағатсыз бір секунд өмір сүру ауа жұтпаумен тең. Фильм қаһарманы бір рет те жоспарсыз өмір сүру туралы ойлап көрмепті. Хан Чон Сокты шашылып жатқан заттар мен лас нәрселер қатты ренжітеді. Бұл көрініске шыдап, жай ғана қарап тұру оның қолынан келмейді. Әр нәрсе өз орнында, түп-түзу, жинақы тұрса ғана Хан Чон Соктың көңілі көншиді. Ал пәтері... Пәтері мұнтаздай таза, бір қоқым да жатпайды. Жұмысында да заттың бәрі сап түзегендей үнемі жинаулы тұрады. 

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өзі белгілеген уақытта емес, сәл кешігіп өтер болса, ол үшін бұл нәрсе – нағыз сұмдық жайт! Сұмдық болғаны соншалық, өзін қоярға жер таппай, тықыршып кетеді. Бірақ Хан Чон Соктың бұндай әрекеттері негізсіз емес екен. Басында біртүрлі болып көрінген бейненің жүрегіне орны толмас ауыр өкініш жасырыныпты... Тағдыр жоспары мығым, ұсақ-түйекшіл жігітті өзіне мүлдем қарама-қайшы қызға жолықтырғанда, бұл екеуінің арасында махаббат оты тұтануы мүмкін бе, мүмкін емес пе? Оны комедия мен романтика араласқан фильмнен көріңіздер.

Сондай-ақ ерекше сюжетті кинодан теледидардағы шоулардың шын мәнінде қалай жасалатынын көруге болады. Демалыстарыңыз сәтті өтсін, достар! 


Ілмек сөздер: the plan man korean movie, фильм, корея фильм, онлайн, онлайн смотреть, онлайн көру, корей киносы, онтустик корея, оңтүстік корея, субтитр, кино көру онлайн, смотреть кино онлайн

4655 8
Рейтинг: +7

Дата:02 мамыр 2015, 15:19
Теги:the plan man korean movie, фильм, корея фильм, онлайн, онлайн смотреть, онлайн көру, корей киносы, онтустик корея, оңтүстік корея, субтитр, кино көру онлайн, смотреть кино онлайн
Пікірлер
+0
03 мамыр 2015, 19:40

Keremet kino eken korinder, dostar

+0
03 мамыр 2015, 23:34

Осыдан екі жыл бұрын педантизм туралы кинолар іздеп едім, гуглдан осы бәле шықты. Басын көрдім де, бірден бас тарттым. Негізі сөздіктерде "педантты" "Ұсақ түйекшіл" деп аударған. Бұл аударма дұрыс емес деп ойлаймын. Педант туралы "Перевозчик" басты ролде Дж. Стетхем, киносында жақсы суреттеледі: киімі өте таза, көп түсті емес, киімі шап-шақ. Заттарының бәрі орында және орнында болғанның өзінде түп-түзу тұрады. Баратын жерге кешікпей дәл уақытында келеді. Балғасы, шегесіне дейін орнында және түп-түзу тұрады. Келісілген нәрсені мүлдем бұзбайды. Компютерінің алды шашылмай тұрады. Тағы "Великий уравнитель" филімінде жақсы суреттеледі.

+0
04 мамыр 2015, 14:28

Мүмкін бұл кино сіз аяғына дейін көрмеген соң, ұнамаған болар, аяғында өз басым жылап алдым. Аяғына дейін көруге кеңес беремін. Сіз айтқан Стэтхем ойнайтын фильмді көргем, қантөгіс, шынайы өмірден алыс оқиғалардың несі жақсы? Трюктары ғана әдемі.

+0
04 мамыр 2015, 23:16

Дұрыс айтасыз, бәлкім көру керек

+1
05 мамыр 2015, 00:24

Жақсы! тамаша! достар , көріңдер!

+1
08 мамыр 2015, 04:27

күшті кино екен маған қатты ұнады)))

+0
23 қаңтар 2016, 15:49

Маған кино қатты ұнады, керемет әсер қалдырды, күлдім де, жыладым да. Әсіресе, өлеңдері қызық екен "Үшбұрышты кимпаб", "Үйленген еркек" )))). Ал аудармаға келсек, сөз жоқ. Мейіргүл Оңғарова, сізге көп рахмет! Осындай қызықты киноларды бізбен бөліскеніңізге. Сәттілік тілеймін! Сізден тағы да қызықты жобалар күтемін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...