Ер, ерлік, батырлық туралы

Ер, ерлік, батырлық туралы

Ер азығы мен бөрі азығы жолда.

***

Үркер жиылып – ай болмас,

Кедей жиылып – бай болмас.

***

Істің ағы білінбейді,

Жігіттің бағы білінбейді.

***

Ер жолдасы – тәуекел.

***

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

***

Ердің ісі – елдің мойнында,

Елдің ісі – ердің мойнында.

***

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

***

Ер салмағын ел көтереді,

Ел салмағын жер көтереді.

***

Ерді ел теңгерлер.

***

Ауырлықты жер көтерер,

Ауыр өазанды ер көтерер.

***

Ұранды ердің – ұрпағы қайсар.

***

Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің.

***

Ерлік – елдің сыны.

***

Ерлік білектен емес, жүректен.

***

Елін сүйген ер болар.

***

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

***

Ер сыншысы – елі.

***

Ер шекіспей бекіспейді.

***

Ер талабы өр мегзер.

***

Бір оқты бұлан көтереді,

Екі оқты ұлан көтереді.

***

Ер арыса – аруақ,

Ат арыса – тулақ.

***

Қашпақ, қумақ – ерге сын,

Көшпек, қонбақ – жерге сын.

***

Қабырғалы қара нар,

Қабырғасын сөксе бақ етпес.

***

Сары май сасымас,

Батыр саспас.

***

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер.

***

Ат ерінді келер,

Ер мұрынды келер.

***

Адаспаймын деген ер,

Тал түсте жолдан адасады.

***

Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.

***

Батыр жарасыз болмас.

***

Батыр ортақ, ер ортақ,

Күн ортақ,ай ортақ.

***

Аман ердің аты шығар.

***

Болат бүгілмес, морт сынар.

***

Палуанға оң-терісі бірдей.

***

Ерді кебенек ішінде таны.

***

Жүкті нар көтерер,

Қайғыны ер көтерер.

***

Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар.

***

Ердің екі сөйлегені өлгені.

***

Ер аруағы – қаруы.

***

Ер тарықпай, молықпайды.

***

Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

***

Ер мойнында қыл арқан шірімес.

***

Ер – ырыстың кілті.

***

Ерді қорласаң – састырар,

Асты қорласаң – құстырар.

***

Еменнің иілгені сынғаны,

Ер жігіттің ұялғаны – өлгені.

***

Ер жолдасы тәуекел.

***

Күшті кісі алып та жығады,

Шалып та жығады.

***

Ер басына күн туса,

Бұта түбі үй болар.

***

Қоянды қамыс өлтіреді,

Ерді намыс өлтіреді.

***

Ердің атағы туырлықтай,

Өзі бұлдырықтай.

***

Айнамыс жүрек, ер көңіл,

Ер жігіттің серігі.

***

Ер жігіт үйінен шықса,

Үйіріне қосылады.

***

Алып анадан,ат биеден.

***

Жомарт бергенін айтпас,

Ер айтқанынан қайтпас.

***

Тәуекел тау жығады.

***

Күш атасын танымас.

***

Шешінген судан тайынбас.

***

Алыстан ердің дәрпі бар,

Қасына келсе баладай,

Алыстан таудың дәрпі бар,

Қасына келсең обадай.

***

Уайым түбі теңіз,

Батасың да кетесің.

Тәуекел түбі қайық,

Мінесің де өтесің.

***

Ерді көрсең қыдыр тұт,

Асты көрсең қадыр тұт.

***

Тәуекел ет те тас жұт.

***

Ажал жетпей өлмек жоқ.

***

Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды.

***

Жалынған қорған емес,

Жағалаған қорған.

***

«Әйт-шүу» деген атанға күш,

«Әуіп» деген жігітке күш.

***

Жауға жаныңды берсең де,

Сырыңды берме.

***

Айласыз батыр алдырар.

***

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

***

Кебенек киген келеді,

Кебін киген келмейді.

***

Тәуекел тас жарады.

***

Тәуекелдің кемесі суға батпас.

***

Жақсы аттың жалын сақтағанша,

Жақсы ердің көңілін сақта.

***

Бақ-бақ, еткен текені,

Қар жауғанда көрерміз,

Батырсыған жігітті,

Жау келгенде көрерміз.

***

Көз – қорқақ, қол – батыр.

***

Судан тонын аямаған,

Жаудың жанын аямас.

***

Алыссаң – атаң да болса жық,

Аясаң – көтеріп жібер.

***

Қауғадан шошынған мал оңбас,

Жаудан шошынған ер оңбас.

***

Өзің өлсең өл,

Жолдасыңды жауға берме.

***

Жаман жолдас жауға алдырар.

***

Жолдасын тастаған жолда қалар.

***

Әлін білмегенәлек.

***

Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.

***

Қорыққан бұрын жұдырықтар.

***

Қорыққанға қос көрінер.

***

Қорқақты көп қусаң, батыр болар.

***

Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

***

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

***

Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме.

***

Таспа – тасыған су да қайтар.

***

Болмас іске болат бол.

***

Ер қанаты – ат.

***

Ерді намыс өлтірер.

***

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

***

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

***

Жүк ауырын нар көтерер,

Ел ауырын ер көтерер.

***

Батырдың қаһары – еліне қорған.

***

Жүректе қаһар жалындаса,

Бойда қайрат арындар.

***

Үлкен бастар, кіші қостар.

***

Ерлік – ел есінде.

***

Еліне сенген еңкеймейді.

***

Ұланы бар елдің ұраны бар.

Сурет delai-dengi.blogspot.com сайтынан алынған.

Ж. FM