Қалақай жеуден әлем чемпионаты

Қалақай жеуден әлем чемпионаты

Әлемде талай таңданарлық түсініксіз жағдайлар болып жатады. Ал жыл сайын Батыс Дорсеттеде өтетін қалақай жеу жарысы мүлдем ерекше. Маусым айының ортасында барлық назар Англиядағы Маршвуд елді мекеніне аударылады. Жыл сайын өткізілетін қайырымдылық сыра фестивалінің шеңберінде қалақай жеуден әлем чемпионаты өткізіледі. Әр елден келген қатысушылар өздерінің ерлігі мен шыдамдылығын көрсетуі қажет.

Чемпионат шарты: 1 сағаттың ішінде мүмкіндігінше көп қалақай жеу қажет. Жеңімпаз аршылған қалақай сабақтарының ұзындығын қосу арқылы анықталады.

Қатысушыларға өз қалақайлары мен басқа ауыз шайқау үшін қажетті анестетикалық дәрі-дәрмектерді әкелуге тыйым салынады. Бірақ бұл шектеулердің сайыс кезеңінде көп мөлшерде қолданылатын сыраға қатысы жоқ. Себебі, сыра қалақай дәмін сезбеуге жол береді.

Сан ғасырлық тарихы бар басқа салттарға қарағанда, қалақай жеу жарысы 1997 жылы бекітілді. Кімнің бақшасындағы қалақай ең биік деп екі шаруа айтыса жөнеледі. Шарт бойынша, жеңілген жақ аямай шағатын қалақайдың бір сабағын жеу керек. Осы ермек тек жергілікті тұрғындар ғана емес, бүкіл елге тарап, кең етек алады.


Кей деректерге сүйенер болсақ, бұл жарыстың шығу тегі ертерек пайда болды. XVI ғасырда Bottle Inn сыраханасының иесі көпшілік қауымды сыраханаға жинап, қалақай жеуден жарыс өткізуге бел буады. Осы уақытқа дейін ол әр қайсысының ұзындығы 4,7 метрге жететін қалақайды өзі жеп көреді. Содан бұл ермекке өзгелерді тарту мақсатында жарыс өткізеді.


Қалақай жеген жандардың қарайып, ойып кеткен тілдері мен бозарып кеткен бет-жүздері өзгелерге шаттық сыйласа, өздерінің сезімтал асқазандары жапа шегеді. Соған қарамастан, жарыс барысында құмарлық пен қалақай жеуге деген құштарлық пайда болады.

Бұл күндегі әлемдік рекорд болып саналатын, сайысқа түскен ең ұзын қалақай бұтағының ұзындығы 24 метр. Жарыс барысында күйіп қалмау үшін қалақай жапырақтарын шиыршықтап жинап алу керек.

*Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ