Вена - Австрия елінің астанасы

Вена - Австрия елінің астанасы

Вена - Австрия елінің шығысында орналасқан Австрияның астанасы.

Жалпы мәлімет

Халық саны: 1,651 млн адам

Ақша бірлігі: еуро

Аумағы: 415 км²

Аудандары: ішкі қала - Innere Stadt, Леопольдштадт, Ландштрассе, Видень, Маргаретэн, Марияхильф, Нойбау, Йозефштадт, Альзергрунд, Фаворитен, Симмеринг, Майдлинг, Хитцинг, Пенцинг, Рудольфсхайм-Фюнфхаус, Оттакринг, Хернальс, Вэринг, Дёблинг, Бригиттенау, Флоридсдорф, Донауштадт, Лизинг

Климат: субальпты, орташа температура қыста −1,5 °C, жазда +20° С


Қызықты мағлұмат:

  • Пратер аттракцион саябағы. 19 ғасырдың ортасында салынған ұзындығы 65 метрге жететін шолу дөңгелегі орналасқан

 

  • Венадағы кофеханаларда тек қана жасы 30-дан асқан ер-азаматтар даяшы қызметін атқарады. Олар арнайы әдептілік пен сыпайылық жайында дәріс алады.

Венаның көрікті жерлері

 1.       Бельведер мұражай сарайы XVII - XVIII ғ. қолбасшысы Евгений Савойский ханзаданың бұйрығымен салынған. Мұражайда суретші Климттың барлық туындалары  сақталған

2.       Хофбург – Венаның тарихи орталығы. 1918 жылға дейін императордың сарайы болды.

 

3.       1869 жылы ашылған «Штатсопер» Вена опера театры әлемнің ең алдыңғы бес театрларының қатарына кіреді.

 

4.       Әулие Стефан шіркеуі дүниежүзілік мәдени игілік. XII  ғасырда Пассау епископы негізін қалап, 1147 жылы жарықтандырылды.

 

5.       Мұражай ауданы ең ірі мұражай кешені, аумағы 60 000 м² в Нойбау 7-ауданында орналасқан.  Мұражайда XX - XXI ғасырдың өнеріне арналған жәдігерлер сақталған.

 

*Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ