2011 жылдың үздік диеталары

2011 жылдың үздік диеталары

Сарапшылар кеңесіне медицина саласының 22 маманы кірген. Олар - үздік емдәмшілер, кардиологтар мен эндокринологтар. Жыл сайын мамандар диеталар тізімін жасап, оларды жеті белгісіне қарай бағалайды: қысқа мерзімді салмақ тастау, ұзақ мерзімді салмақ тастау, емдәм оңайлығы, азық-түлік құрамы, диета қауіпсіздігі, диабет және жүрек-тамыр ауруларынан сақтау мүмкіндігі. Бұл рейтинг бір ғана мақсатпен: «арықтаушыларға денсаулығын емес, салмағын жоғалтуға» көмектесу үшін жасалады. 

2011 жылы сарапшалыр кеңесі 20 диетаны таңдап алып, оларды 1-ден 5-ке дейінгі шкалада бағалаған. «Массагет» сайты сізге үздік он және ең нашар үш диетаны қысқа сипаттамаларымен ұсынады.      

         Алғашқы орындар мемлекеттік институттар құрастырған  жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын емдеуге арналған диеталарға берілді. Ал ең нашарлар қатарына азық-түлік пирамидасының қатты ауытқуына негізделген «ақылға қонымсыз» оғаш диеталар енгізілді.


1. Гипертонияны емдеудегі диеталық тәсіл (DASH)

АҚШ денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер министрлігі «DASH» диетасын гипертониямен ауыратын науқастардың қан қысымын төмендету мақсатында құрастырған. Бұл - құрамында көп мөлшерде жеміс, көкөніс, тұтас дәнді дақылдар мен майсыз сүт өнімдері бар кешенді диета. «DASH» диетасын ұстанушылар мәзіріндегі қаныққан майларды, тәттілерді, қызыл етті шектеп, тамаққа тұзды қолдануды айтарлықтай азайту қажет (күніне 2400 мг асырмай немесе 1 ас қасық). Тамақ ішу саны мен порция мөлшері сіздің энергетикалық қажеттілігіңізге байланысты.      

        2. Өмір салтының терапевтік өзгеруі (TLC)

Диетаны АҚШ денсаулық сақтау ұлттық институты құрастырған. Ол қандағы холестерин мөлшерін азайтып, жүрек-тамыр ауруларының даму қаупін төмендетеді. Барлығына ортақ негізгі талап – 200 мг-нан аспайтын холестерин және 2400 мг-нан аз тұз тұтыну. Калорий 7%-ын қаныққан майлардан, 25-35%-ын басқа майлардан алу қажет. Холестерин көрсеткішін тез төмендету үшін, диетолог қосымша жасұнық қабылдауға кеңес беруі мүмкін.  

3.   Жерорта теңіздік диета

Әлемдегі ең танымал диеталардың бірі. Бұл артық санауларды қажет етпейтін, әркімге қолжетімді емдәм. Оған тұтас дән, жемістер мен көкөністер, балық, зәйтүн майы мен жаңғақтар кіреді. Бұл азық-түліктердің барлығы жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы. 

  4. Майо клиникасының диетасы

Бұл диета тағам құнарлығын шектемейді, ал энергия тапшылығы клиника мамандары құрастырған дене жаттығуларының көмегімен жасалады. Майо ерекше диетасы клиниканың ресми сайтында 2010 жылы жарияланған. Ол біздің сайттағы кеңестер секілді толығымен тегін. 

  5. «Көлемді диета» (Volumetrics Diet)

Диета құрастырушысы Барбара Роллстың айтуынша, адамдарды тамақтан шектеуге болмайды. Себебі, әркім тамақ жегенді жақсы көреді. Диетолог құрамында суы көп, құнарлығы аз, көлемді азықтарды (жеміс, көкөніс сорпасы, майсыз сүт тағамдары) қолдануды ұсынады. Дегенмен, мамандардың бұл тәсілге күмәні көп. Өйткені, сұйық тамақ ағзаны нашар қоректендіреді.   


  6. «Салмақты бақылаушылар» (Weight Watchers)

Бруклин қаласында тұратын үй шаруасындағы әйел 1963 жылы бұл компанияның негізін қалаған. Қазір бұл - арықтауға арналған тауарларды тарататын 30 елде бөлімшелері бар ірі мекеме. Әрбір азық немесе тағам балдық жүйе бойынша бағаланады. Бірақ жуырда компания бұл жүйенің ыңғайсыздығы үшін, одан бас тартқан. Жалпы, көп мөлшерде тұтас дән, майсыз сүт өнімдері мен ақуыздан құралған қарапайым емдәм.

7. Дженни Крейг диетасы

Дженни Крейг диетасының артықшылығы – оның әсері клиникалық деңгейде дәлелденген. Бір кемшілігі – бұл таза коммерциялық емдәм. Себебі, дайын тағамдарға тапсырыс беру қажет. Ал диетаның негізгі шарты: кальций мен жасұныққа бай азықты пайдалану.

  8. Орниш диетасы

Дин Орниш кардиологтар кәсібіи ортасында жүрек ишемиялық ауруын отасыз және дәрі-дәрмексіз емдеуге арналған емдәм авторы ретінде танымал. Орниш диетасы – бұл жүрек пен тамырларды емдеп қана қоймай, салмақ тастауға көмектесетін жұмсақ вегетариандық диета. Орниш дәнді дақылдарды, көкөністерді, жемістер мен бұршақтыларды шектеусіз жеп, ет, май, қант, алкоголь, жаңғақ, зәйтүн, авокадоны мейлінше аз пайдалануға кеңес береді. Соның өзінде, калорийдің 10% -ын майдан алуыңыз қажет.

 9Вегетариандық диета

Сарапшылар вегетариандық диетаның өзін емес, АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі құрастырған бейімделген жоспарын денсаулыққа пайдалы деп мойындады. Вегетариандықтың экстремалды түрлері – вегандық пен жемістік – диетологтардың негізді үрейін тудырады.   


  10Нутрижүйе диетасы

Арықтататын тауарларды сататын тағы бір компания. Бұрын «теле-дүкендер» арқылы жарнамаланған. Қазір клиенттеріне дайын тағамдар мен биологиялық белсенді қоспаларды тікелей таратады. Компания емдәмі қауіпсіз және құнарлы болып есептеледі. Дегенмен, калий, В12 мен D дәрумендерінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Қазақстандықтар үшін бұл емдәм тек ғаламтор желісі арқылы қолжетімді.

 Жалғасы...

Суреттер self-confidence.ru, lisw.ru сайттарынан алынған