Монакода "Samsung CIS Forum 2013" шарасы болып өтті

Монакода "Samsung CIS Forum 2013" шарасы болып өтті

Ақпанның 4-8 күндері аралығында жыл сайын дәстүрге айналған "Samsung CIS Forum 2013" шарасы болып өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы форум Чехия астанасы Прагада болған еді. Ал Samsung компаниясының биылғы шарасы Монако Князьдігінде өтті. Жиынға негізінен ТМД елдеріндегі Samsung компаниясының өкілдері қатысты. Одан бөлек, олардың арасынан журналистер мен есімдері елге танымал блоггерлер де бой көрсетті. ТМД елдерінен келген қонақтарға арналған форум  7 ақпан күні Монако қаласының Монте Карло ауданындағы Гримальди кешенінде таңертеңгі сағат 10.00-де басталып, кешкі 16.00-ге дейін жалғасты. Форумды компания өкілдерінің қонақтарға дайындаған баяндамасы мен жаңа өнімдерін таныстыру шарасы ашты. Осы жиында Samsung компаниясы өзінің бірнеше заманауи, бәсекеге қабілетті техникаларының тұсауын кесті. 

1

Жиын аяқталысымен Samsung компаниясының корпоративті маркетинг басшысы Дияр Досхожаев журналистерге "Samsung CIS Forum 2013" шарасы жөнінде кеңінен тоқталып, компанияның жетістіктері мен болашақтағы жоспарларымен бөлісті. 

6

Шараның екінші бөлімі компания әзірлеген жаңа техникалардың көрме залында өтті. Көрмеде теледидарлар, смартфондар, тұрмыстық техникалар мен тағы да басқа көптеген жаңа өнімдердің таныстырылымы өтті. 

3

Назарларыңызда Samsung компаниясы ұсынған 3D форматындағы теледидарларының жаңа өнімі

4

Аса жоғары сапада сурет түсіруге арналған жаңа NX 300 модельді сандық фотоаппараттарының бірнеше нұсқасы

5

Аталған техникалардан бөлек, Samsung компаниясы көрмеде тағы да көптеген бірнеше жаңа техникаларын таныстырды. Оларды біз сіздерге алдағы уақытта порталымыздың "Техно" айдарында кеңінен таныстыратын боламыз.  

Осылайша, Samsung компаниясы ұйымдастырған "Samsung CIS Forum 2013" шарасы да өз мәресіне жетті. Сіздерге компанияның жаңалықтары мен жаңа өнімдерін алдағы күндері қосымша хабарлап тұратын боламыз.

2

Арнайы "Массагет.кз" порталы үшін Монакодан Болат Қосмағамбет 

 сурет: Болат Қосмағамбет


Б. Қосмағамбет