166 $ тұратын төрт ядролы Hyundai T7 планшеті

166 $ тұратын төрт ядролы Hyundai T7 планшеті

Hyundai компаниясы әрі бюджетті, әрі өнімділігі жоғары саналатын жаңа  T7 планшетін сатылымға шығарды. 

Жаңа өнім 1,4 ГГц-ті Exynos 4412 (Samsung Galaxy III-те орнатылған) процессорымен жұмыс жасайды. Mali 400 MP4 графикалық чиппен жабдықталған құрылғының 1 ГБ оперативті жады бар. Дисплей мүмкіндігі - 1280х800 нүкте. Ал өлшемі - 7 дюйм.  

Планшет 2 және 0,3 Мп болатын екі камерамен жабдықталған. Bluetooth және Wi-Fi байланысына да тікелей қосыла алады. HDMI, microUSB порттарымен де жұмыс жасау мүмкіндігіне ие. Аккумулятор сыйымдылығы - 3000 мА/сағ. 

Ең бастысы планшеттің бағасы қол жетімді. Ол бар болғаны 166 $ тұрады. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: androidmarket.ru

Б. Қосмағамбет