Vine – Twitter енді видео көрсетеді

Vine – Twitter енді видео көрсетеді

Twitter микроблогы iPhone қосымшасына арнайы 6 секундтық ролик көруге болатын бағдарлама қосты. Vine – Instagram және YouTube Capture бағдарламаларының бәсекелесі болып отыр.

Vine жобасы 2012 жылдың шілде айында үш адамның жетекшілігімен құрастырылған болатын. Бірақ сервис көпшілікке таныстырылмаған еді. Twitter оны өткен жылдың қазан айында сатып алып, ресми түрде 25 қаңтарда iOS платформасында іске қосып отыр.

Құрастырушылардың ойынша, Vine өмірдің қызықты сәттерімен бөлісуге арналған таптырмас құрал болған. Оның бұған дейін GIF (Graphics Interchange Format) форматына ұқсас қызметтен артықшылығы дауыс бере алуында болып отыр.

Vine көмегімен сіз қысқа клиптерді қоса аласыз. Қолданушы түсірілімді бастау үшін дисплей бетін басып ұстап тұруы ғана керек.

Дәл осындай қызметтің YouTube-те де барын айтып өтейік. Capture қосымшасы өткен жылдың желтоқсан айында пайда болған еді. Видеоны Capture арқылы Facebook, Twitter, Google+ және YouTube әлеуметтік желілеріне қайтарып басса да болады.

Vine қосымшасы тегін жүктеледі.

iPhone және iPod touch құрылғыларына арнайы Vine қосымшасын мына жерден жүктей аласыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: theweek.com

А. Құлтай