Көлік жүргізу куәлігі бір-ақ сағатта дайын болады

Көлік жүргізу куәлігі бір-ақ сағатта дайын болады

Ендігіде көлік жүргізу куәлігін алу үшін 40-50 минут уақытыңызды жұмсайтын боласыз. Сонымен қатар, көлікті тіркеу, тіркеуден шығару, мемлекеттік номер алу, оларды ауыстыру да айналдырған бір сағаттың ішінде дайын болады екен.

Мұндай мүмкіндік Алматы қаласындағы Алатау ауданында соғылып біткен арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуынан кейін болады. Қазіргі уақытта ХҚК (ЦОН) орталығында компьютерлік жабдықтау мен "ЦОН" электронды бағдарлама жасалып жатыр.  

Жаңа ғимарат 5 мың шаршы метрді алып жатыр. Онда күніне мың адамға қызмет көрсетіледі деп күтілуде.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: avtovip.kz

А. Құлтай