- Негізгі бет
- Шолу
- iPhone 5 тағы...
iPhone 5 тағы 50 елде сатыла бастайды
Apple-дың соңғы сматрфоны Ресейде 14 желтоқсаннан бастап сатыла бастайды. Ресейден бөлек тағы 50 елдің азаматтары iPhone 5-ке қол жеткізе алады. Айта кетелік, жаңа смартфон қазірдің өзінде АҚШ, Аустралия, Канада, Франция, Германия, Жапония секілді 47 мемлекетте сатылып жатыр. Ресми емес ақпарат көздеріне сенсек, телефон Ресейде 36 мың рубльге (175 000 теңге) сатылады.
Айта кетелік, АҚШ-та жұма күні телефон операторына "байланбаған" iPhone-ды 649-849 долларға сата бастады. Баға гаджеттің комплектациясына байланысты әр қилы.
Сонымен қатар, 7 желтоқсанда гаджет Оңтүстік Кореяда да сатыла бастайды. Тағы бір аптадан соң, телефон Албания, Армения, Антигуа, Барбула, Багам аралдары, Бахрейн, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гренаде, Израиль, Индонезия, Иордания, Катар, Кипр, Қытай, Коста-Рика, Кувейт, Макендония, Малайзия, Молдова, БАӘ, Панама, Парагвай, Тайван, Түркия, Филиппин, Черногория, Чили, Эквадор, Оңтүстік Африка және Ямайка мемлекеттерінің азаматтарына қолжетімді болады.
Бұған дейін iPhone 5-тің Қазақстанда ресми түрде сатылмайтындығын айтқан болатынбыз. Бұл елімізде iPhone-ның ресми диллерінің жоқтығымен түсіндірілген еді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: appleinsider.ru