- Негізгі бет
- Шолу
- Ноутбук дәуірі 5...
Ноутбук дәуірі 5 жылдан соң бітеді
Адамзат 2017 жылы ноутбук пайдаланбайтын болады. SAP компаниясының ақпараттық технологиялар директоры Оливер Бассманн бұған кәміл сенеді.
Ол Мадрид (Испания) қаласындағы кезекті SAP Sapphire конференциясында: «Мен сенімдімін, адамдар ноутбуктан келер 3-5 жыл аралығында-ақ бас тартатын болады» деп мәлімдеме жасады. Жиналыс Windows 8 жүйесінің алты жаңа нұсқасын таныстыруға арналған еді.
SAP компаниясы сондықтан да ендігі кезекте мобильді құралдардың жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға болатын гаджеттер нұсқасымен жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, батыл болжам айтушы Оливер RIM, Apple, Android және Windows Phone 8 секілді мобильдік нұсқаларын толықтай қолдайтынын айтып, осы нұсқалардың барлық қызметін ұсына алатын жаңа дәуір құрылғысын жасап шығару ойда барын жеткізді.
Кім біледі, бұл да бір PR қадам болуы да мүмкін...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: manager-magazin.de
А. Құлтай