- Негізгі бет
- Шолу
- Twitter-дегі трендтерді алдын...
Twitter-дегі трендтерді алдын ала болжауға болады
Массачусетс университетінің ғалымдары Twitter микроблог сервисіндегі трендтер қатарына кіретін тақырыптарды алдын ала болжауды үйренді. Бұл туралы аталған оқу орнының сайтында айтылған.
Ғылыми жоба авторлары профессор Деваврат Шах (Devavrat Shah) пен оның студенті Станислав Николовтың (Stanislav Nikolov) айтуынша, олардың алгоритмі трендтер қатарына кіретін тақырыптарды бір жарым сағат бұрын анықтап отыра алады. Кейбір жағдайларда бұл уақыт 4-5 сағатқа дейін де жете алады.
Актуалды трендтерді анықтау жүйесінің нақтылығы 95 пайыз дәл келеді, деп отыр авторлар. Олардың айтуынша, Twitter басшылығының бұл алгоритмді белгілі бір тақырыптарға жарнама жасау үшін пайдалануына болады. Шах пен Николов өз жұмыстарын тоғызыншы қараша күні университет қабырғасында көпшілікке таныстыратын болады.
Твиттер трендтері дегеніміз - сервисте көп қолданылып жатқан хэштегтер мен фразалар. Қолданушылар болса, талқыланып жатқан актуалды тақырыптарды тұрғылықты жеріне, қызығушылығына қарай бөліп, фильтрден өткізе алады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yurclub.kz