Apple жаңа iPhone 5-пен таныстырды

Apple жаңа iPhone 5-пен таныстырды

Apple-дың маркетинг бөлімінің аға вице-президенті Филипп Шиллер Сан-Францискода өткен жиында жаңа iPhone 5 смартфонымен таныстырды, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар. Смартфон 21 қыркүйектен бастап АҚШ-тан басқа 21 елде сатыла бастайды. Гаджеттың бәсі алдыңғы iPhone 4S-тің бағасымен бірдей болады.

Смарфонның жаңа моделі бұрынғы iPhone 4 және 4S-тен біраз өзгеше. Құрылғының корпусының қалыңдығы 7,6 миллиметр. Яғни iPhone 4S-ке қарағанда 18 пайызға жіңішке. Артқы қақпағы бұрынғыша әйнектен емес, металдан жасалған. Дегенмен аздаған әйнек элементтер антеннаның жұмысын жақсарту мақсатында сол күйі өзгеріссіз қалған. Құрылғының салмағы 112 грамм.

пр

Дисплей диагоналі 4 дюйм (101.6 мм), ал кеңейтілуі 1136 x 640 нүкте. Шиллердің айтуынша жаңа дисплейдің қанықтылығы 44 пайызға дейін өскен.

iPhone 5, сонымен қатар, 802.11n стандартындағы Wi-Fi желісімен жұмыс істей алады. Бұл оған секундына 150 мегабайт ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Смартфонның жоғарғы жылдамдықтағы LTE-желілерінде жұмыс істей алатын алғашқы iPhone екендігін де айта кетелік.

Аппаратта Apple A6 процессоры орнатылған. Қазіргі кезде Apple A6 компанияның мобильді құрылғыларында пайдаланылатын барлық процессорлардың ішіндегі ең өнімдірегі. Смартфон iOS 6 операциялық жүйесінде жұмыс істейді.

ап

Шиллердің айтуынша, iPhone 5-тің автономдық режимдегі жұмысының ұзақтығы 225 сағатқа дейін жетеді. Айта кетелік, iPhone 4S аталған режимде 200 сағатқа дейін жұмыс істеп тұра алатын еді.

Смартфон видеоға 1080p форматында түсіреді. Видеокамера жұмыс істеп тұрған кезде фотоға түсіруге де болады. Жаңа айфон, сонымен қатар, үш микрофон және жаңартылған динамикпен қамтамаыз етілген.

Аналитик Джин Манстердің (Gene Munster) болжауынша, алғашқы аптаның өзінде-ақ жаңа iPhone-ның 6-10 миллион данасы сатылады. Салыстыру үшін айта кетелік, iPhone 4S сатылымға шыққан алғашқы аптада (2011 жылдың күзі) 4 миллион адамның қолына тиген болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: pulse-uk.org.uk, mashable.com, bb.lv