iOS 8 платформасы жалпы қолданысқа енді

iOS 8 платформасы жалпы қолданысқа енді

Кеше, 17 қыркүйекте, Apple компаниясы өзінің iPhone 4S, iPad 2, iPad mini, iPod Touch өнімдеріне арналған жаңа бағдарламалық iOS 8 мобильді платформасын таныстыру релизін өткізді, деп хабарлайды Techradar.

Негізгі ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, iOS 8 платформасы алдынғы жетінші нұсқасының дизайнын сақтап қалған. Оның тек бірнеше қосымшаларына қатысты беттері ғана өзгеріске ұшыраған. Дегенмен, функционалды құрамы толығымен өзгеріске ұшыраған. Нақтырақ айтып өтер болсақ, Apple QuickType пернетақтасының технологиясын енгізген. Сонымен қатар, дыбыстық хабарлама жіберу үшін Tap to Talk функциясын, "Жанұялық рұқсат" (ата-ананың баласымен ортақ кіруге құқығы бар дербес бақылау қызмет түрі) тәртібін және Spotlight деп аталатын әмбебап іздеу қызметін қосқан.

Осыдан бір апта бұрын Apple өзінің жылдық негізгі өнімдерінің анонсын жасаған болатын. Алғашқы күннің өзінде-ақ силикондық компания 4 миллион алдын ала берілген тапсырыстарға ие болды. Бұл әлемдік деңгейдегі жаңартылған көрсеткіш екені белгілі. Ендеше Apple өзінің жаңа смартфондарының жаппай қолданысқа енгенінен кейін, iOS 8 платформасын iPhone 6 нұсқаларына да қолайлы етіп шығаратын болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.businessinsider.com

Ж. Өрісбай