Apple iPhone 6 смартфонының 80 миллион данасын шығаруды жоспарлап отыр

Apple iPhone 6 смартфонының 80 миллион данасын шығаруды жоспарлап отыр

Силикон алқабының алыбы Apple корпорациясы iPhone 6 смартфонының 4.7 және 5.5-дюймді екі түрлі нұсқаларының тарихта болмаған сандық мөлшерін осы жылдың күзінде шығарады, деп хабарлайды Wall Street Journal.

Американдық журналдың ақпаратына сүйенсек, Apple осы жылдың соңына дейін жаңа смартфонның 80 миллион данасын шығаруды жоспарлап отыр екен. Бұл сандық мөлшер алдынғы шыққан смартфондар санынан асып түседі. Өнімнің барлығы сатылып кетеріне корпорация басшылығы сенімді болып отыр, деп жазады журнал тілшісі Лоран Люк.

Өткен жылы жарық көрген iPhone 5S пен iPhone 5C,  екеуін бірге қосқанда 50-60 миллион дана жасалынған екен. Өнімнің санын үш еселеуге Apple корпорациясымен келісімге келген China Mobile компаниясы түрткі болыпты. Аталған қытайлық компания белгіленген мерзімге дейін барлық смартфонның дайын боларына сенімді көзбен қарап отыр.

Foxconn және Pegatron электроника өнімдерін шығаратын компаниялар 4.7-дюймді нұсқадағы смартфондардың өндірісін келесі айдың басында бастайды. Ал 5.5-дюймді үлгіні жасайтын Hon Hai Precision Industry Co. тайвандық компаниясы қыркүйек айының басында шығаруды қолға алады. Демек, смартфонның үлкен нұсқасы екі айға кешіктіріліп сатылымға шығатын болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: online.wsj.com

Ж. Өрісбай