Таңғажайып принтер-субұрқақ

Таңғажайып принтер-субұрқақ

XXI ғасыр техника дамуының шарықтаған сәті деуге болады. Күн сайын әлемнің өнертапқыштары мен алып компаниялары адамзатқа қажетті өте ғажап заттарды ойластырып, ел назарына ұсынуда. Бүгін біз таңғажайып өнертабыстардың бірін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 

Соңғы кездері принтерлердің көптеген жаңа нұсқалары шығып жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, 3D-объектілерді басып шығаратын принтерлер мен су бетінде нанобояумен басып шығаратын нанопринтерлер, сондай-ақ қарындаштан жасалған грифельмен басып шығаратын принтерлер де бар. Жапондықтар біраз ойланып принтер деп атауға келмейтін нағыз ғажап нәрсе ойлап тапты. Жаңа өнертабыс - принтер-субұрқақ деп аталады. Оның ерекшелігі судың әлдеқандай бір кезекпен төгілуінің әсерінен көрермендер алдында мәтіндер, пішіндер және суреттер пайда болады. 

Сурет: mirfactov.com 

Ж. FM