- Негізгі бет
- Шолу
- Samsung Galaxy Gear...
Samsung Galaxy Gear және Sony SmartWatch 2 ақылды сағаттарына қысқаша шолу
Ақылды сағаттар негізінен екіге бөлінеді: қолға тағатын смартфон/телефон түрінде я болмаса смартфонға жалғанатын қосымша (приставка) ретіндегі құрылғы.
Sony SmartWatch 2 (сол жақта) және Samsung Galaxy Gear (оң жақта)
Бүгін біз сіздердің назарларыңызға жапондық Sony SmartWatch 2 мен оңтүстік кореялық Samsung Galaxy Gear (SM-V700) ақылды сағаттарын ұсынып отырмыз.
Гаджеттердің техникалық сипаттамалары бойынша айырмашылығын төмендегі кестеден анық байқай аласыз:
Техникалық сипаттамалары | Sony SmartWatch 2 | Samsung Galaxy Gear (SM-V700) |
Дисплей | 1,6 дюймды, 220x176 | 1,63 дюймды, 320x320 AMOLED Сыйымды сенсорлы экран |
Процессор | Бір ядролы ARM Cortex-M3 (ARMv7-M), 200 МГц жиілігі; | Exynos 4212: бір ядролы ARM Cortex-A9 (ARMv7) 800 МГц жиілігі техпроцесс 32 нм HKMG |
Жадтары | 512 Мбайт + 4 Гбайт | 512 Мбайт + 4 Гбайт NAND-флеш |
Қуатталуы | Корпусындағы micro-USB ажыратқышының көмегімен | micro-USB ажыртақышы арқылы док-станциядан |
Bluetooth | 3.0 | 4.0 LE |
NFC | Сағаттың өзінде | Док-станцияда |
Датчиктер | Жарықтандыру датчигі | Акселерометр/гироскоп |
Микрофон және динамик | Жоқ | Бар |
Камера | Жоқ | 2 Мп (1392x1392), BSI-сенсор, автофокуспен |
Аккумулятор | 0,5 Вт·сағ (140 мА·сағ, 3,8 В) | 1,2 Вт·сағ (315 мА·сағ, 3,8 В) |
Салмағы | 39 г (былғары бауымен) | 74 г |
Ылғал мен тозаңнан қорғаныс | IP57 | Жоқ |
Немен қосыла алады? | Android 4.0-те және одан да жоғары жұмыс жасайтын кез-келген смартфон | Android 4.3-ке дейінгі кез-келген Samsung құрылғыларымен |
Бағасы | 30 000 теңге | 60 000 теңге |
Galaxy Gear сағатының бір үлкен кемшілігі – ол тек док-станция көмегімен ғана жұмыс жасайды. Ол оған әмбебап ажыратқыш арқылы жалғанады.
Galaxy Note 3 смартфоны мен Galaxy Gear
Galaxy Gear сағаты тек Samsung смартфондарымен жұмыс жасайтыны айта кетейік. Бірақ олардың барлығымен емес. Тек Android 4.3 операциондық жүйесіне дейін жаңарған құрылғылар үшін жарамды (Мысалы, Galaxy S3, Galaxy S4, Galaxy S4 mini, Galaxy Note 2 және Galaxy Note 3). Байқағаныңыздай, құрылғылардың барлығы «галактика» модельдері болып табылады.
Ал Sony-де жағдай басқаша. Ол кез-келген смартфонға қосыла алады. Бұл әрине үлкен артықшылық, тіпті басты артықшылық десек те болады. NFC белгісі сағат корпусында орналасқан. Тағы да бір басымдылық ол өзінің туысы Sony смартфондары сияқты ылғал мен шаң-тозаңнан қорғанатын қабатқа ие болып отыр.
Оны су астына 1 метрге дейін қысқа уақытқа батыра аласыз. Galaxy Gear-да бұл атымен жоқ.
Galaxy Gear «ақылды сағатынан» қоңырау шалуға болады: корпустың қапталында ол үшін екі микрофон орнатылған. Ал бағдарламалық қамтамасыз етуден кез-келген нөмірді тере аласыз. Шынын айту керек, бұл істі жасау қолайлы деп айта алмаймыз.
Сондықтан Bluetooth-гарнитураны қолдану әлдеқайда тиімдірек. Ал жапондық сағатке келер болсақ, ол жерде аталған қызмет түрін қамтамасыз ететін динамика мен микрофон мүлдем жоқ.
Төмендегі видеороликтен қос құрылғының артықшылықтары мен айырмашылықтарын біле аласыз:
Басты айырмашылықтар осы. Ал құрылғыны таңдау өз еркіңізде.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: gadgetalks.com
Б. Қосмағамбет