Үй жануарына арналған өнертабыс (видео)

Үй жануарына арналған өнертабыс (видео)

"Petcube" қондырғысы алыс қашықтықта үй жануарымен қарым-қатынас орнатуға көмектеспек. Алюминді өнертабыс микрофон, динамик, кең көкжиектегі камера мен қозғалмалы лазерлі сілтеумен жабдықталған. 

Wi-Fi желісімен мобильді қосымшалар арқылы сыртта жүріп-ақ қарым-қатынас жасай беруге болады. Мәселен, оны шақырып, оның дауысын естуге, суретке түсіруге, ең ақыры лазерлі сілтеулер арқылы үй ішінде ойнатуға мүмкіндік бар. 

Нарыққа ендігі жылдың көктем айынан бастап шықпақ. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: inventures.eu; dp.ru, hopesandfears.com; gizmag.com; ru.tsn.ua 

Л. Лига