Windows 7/Vista және XP ОЖ-лерін қазақшаға аудару

Windows 7/Vista және XP ОЖ-лерін қазақшаға аудару

Сипаттамасы:

Қазақ тілі техникалық жағынан тәуелсіз тіл ретінде қалыптасу кезеңінде. Мен алдағы уақытта қазақ тілі түрік тілі сияқты кең қолданыстағы тіл деңгейіне орнығарына сенімім мол. Қазақ тілінің байлығы оның потенциалы жоғары екенін көрсетеді.

Microsoft өнімдерінің қазақша өнімдері әлдеқашан халыққа жол тартқан, оның ішінде Windows 7/Vista және XP операциялық жүйелері, Internet Explorer 9 веб-шолғышы, Microsoft Office 2003/2007/2010, Office Online, Microsoft Lync 2010 (Language Interface Pack) және т.б. (толығырақ жүктеу орталығынан қараңыз http://www.microsoft.com/downloads/Search.aspx?displaylang=kk).

Менің компьютерім толықтай болмаса да 80 пайыз қазақша бағдарламалардан құралған. (ESET Smart Security 4, Windows 7 Home Basic, Aimp MPleer, 3CXPhone, Mozila Firefox, uTorrent, TeamViewer, Skype, WinRar, 7zip және т.б.) Көптеген адамдар бар екенін білгенімен де, ыңғайсыздығын, сапасын сылтау етіп немесе қалай қазақ тіліне аудара салудың амалын шынымен білмегендіктен қолданбайды.

Біз бүгін қарастырғалы отырған аталған ОЖ-ның қазақ тіліндегі LIP пакеттері.

LIP дегеніміз - Windows-тың кез келген тілдік нұсқаға орнатылып, Windows Desktop, интернет браузер, медиаплеерді қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік беретін сыртқы қалыбы.
Windows тілдік интерфейс бумасы (LIP) Windows жүйесіндегі ең кең қолданатын бөлімдердің жартылай аударылған нұсқаларын ұсынады. LIP бумасы орнатылғаннан кейін шеберлердегі мәтіндер, тілқатысу терезелері, мәзірлер, анықтама және қолдау бөлімдері LIP тілінде көрсетілетін болады. Аударылмаған мәтін Windows 7 жүйесінің негізгі тілінде болады. Мысалы, Сіз Windows 7 жүйесінің испан тіліндегі нұсқасын сатып алғаннан кейін, каталония LIP бумасын орнатсаңыз, кейбір мәтін испан тілінде қала береді. Сіз негізгі тіл үшін бірден көп LIP бумаларын орната аласыз. Windows тілдік интерфейс бумаларын Windows 7 жүйесінің барлық нұсқаларында орнатуға болады.

Windows 7/Vista операциялық жүйесіне арналған LIP пакетті орнату

Жалпы сипаттама:

Шығарылған жылы: 2010

Нұсқа: Ресми

Жасап шығарушы: Microsoft

Ресми сайттың мекен-жайы: http://www.microsoft.com/downloads/Search.aspx?displaylang=kk

Интерфейс тілі: қазақша

Платформа: x86 (яғни х32) х64 (Жедел жад: 1 гигабайт (ГБ) болса 32-биттік, немесе 2 ГБ-тан жоғары болса 64-биттік болады).

Жүйелік талаптары

Қолдаушы операциялық жүйе: Windows 7

• Microsoft Windows 7

• Windows 7 жүйесі талап ететін негізгі тілді орнату: ағылшын, орыс

• жүктеу үшін бос орын: 4,63 Мб

• орнату үшін бос орын: 15 Мб

Орнату:

Жүктеу сілтемесі http://windows.microsoft.com/en-US/windows/downloads/languages

арқылы өтсек, келесі терезе шығады, қажет ОЖ таңдап, Download түймесін шертеміз.

 

Сізді жүктеу орталығына өткізеді.

Төменгі жақта орналасқан файлдардың ішінен компьютер разрядына байланысты («Компьютер– Сипаттар» көре аласыз қай амалдық жүйе екенін)


32 биттік нұсқасын орнату үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындауға болады:

  1. Жүктеу түймешігін басып, тілдік интерфейс бумасын орнату үшін Open параметрін таңдау

немесе

       2.Жүктеу түймешігін басу

  • Файлды компьютеріңізге көшіру үшін Save түймешігін басу,
  • Жүктелген файлға өтіп, тілдік интерфейс бумасын орнату үшін оны екі рет басу

64 биттік нұсқасын орнату үшін жоғарыдағы 2-параметрді пайдалану керек.

Толығырақ айтсам – ештеңе өзгертпестен «Далее» түймесін басамыз.

Лицензиялық келісімді қабылдайтынымызды білдіріп «Далее» түймесіне басамыз.

Ақпарат ұсынылады, және оқып шығып, жалғастырамыз.

Орнату барысының аяқталғанын күтеміз.

Орнатып болған соң, Панель-Управления-Язык и региональные стандарты-Язык и клавиатуры бөлімінен Интерфейс тілін жаңағы орнатқан қазақ тілі ретінде көрсетеміз де, ОК-ді басамыз.

Қайта жүктеуді сұрайды, соны қабылдасақ болғаны, компьютер қайта қосылған сәтте қазақша сайрайды.

Айтпақшы енді Басқару тақтасы ішіндегі Сағат, тіл, аймақ ішінен Сәлемдесу терезесінде қазақ тіліне ауыстыра салыңыз. Осы бар жұмыс.

Vіsta мен XP-ді қазақшалау осы тәртіпте жүргізіледі.

XP-ді үшін тілдік пакеттің жүктеу сілтемесі: http://windows.microsoft.com/en-US/windows/downloads/languages-xp

Алдағы уақытта Майкрасофт Офис бағдарламасына қалай қазақшалауға осылай жөн сілтейтін боламын.

Автор: Данияр Сәкенов