- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Алғашқы компьютерлер...
Алғашқы компьютерлер
Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі – есепшот. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет. Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді. Кейін келе XVII ғ басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізіп, халыққа логарифм кестесін жария қылады. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын Д.Робертсон да жүргізген. Ол Исаак Ньютонның еңбектеріне негізделе отырып, 1761 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулерді жүргізетін логарифмдық сызғыш жасаған болатын. Логарифмдік сызғыш инженерлердің басты есептеуіш құралы болды. Кейін оларды электронды есептеуіш машиналары ығыстырды. Он тоғызға енді толған француз математигі Блез Паскаль жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысын құрастырды. Бұл құрылғының көмегімен көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.
Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын – арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.
ХХ ғ. ЭЕМ пайда болғандықтан есептеуіш техника дамып, жарты ғасырға жуық уақыт ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың дамуы бірнеше кезеңнен тұрды. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғ басында радиотехниканың дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-та құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерттің ойлап тапқан машина ENIAC «Electronic Numerical Integrator and Computer» деп аталды. Машина 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындайтын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын. Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа тұжырамдамаларын ұсынды. Осының негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) пайда болды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын. Бізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы — МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары — БЭСМ (Большая электронная счетная машина) жарық көрді. Оларды КСРО-ның ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев жасады. БЭСМ-лар ең қуатты компьютерлердің қатарында еді. Алғашқы ЭЕМ-дер он мыңдаған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Жұмыс өнімділігі секундына 20 мың операция ғана еді. Осындай құрылғыларға бағдарламаларды енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қолданылды.
Cуреттер itcon-s.com, 900igr.net сайттарынан
Форумда талқылау