- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа көлік...
Қазақстанда жаңа көлік нөмірлері бекітілді
Қазақстанда жаңа мемлекеттік көлік нөмірінің үлгісі бекітілді. Бұл туралы Massaget.kz ІІМ жол полициясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы ІІМ №400 бұйрығы бойынша, 2012 жылдың 16 шілдесінен бастап көліктерге жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірі бекітілді", - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетелік, бұған дейін автокөлік нөмірлерінде міндетті түрде Қазақстанның туы мен еліміздің белгісі орын алатындығын айтқан болатынбыз. Сонымен қатар, аймақтар бұрынғыдай әріппен емес, санмен белгіленетін болады. Мәселен Астана қаласы - 01, Алматы қаласы - 02... Ары қарай алфавиттік кезекпен әр аймақ сәйкес цифрға ие болмақ (03, 04).
Бұрынғы үлгідегі нөмірмен жүрген жүргізушілерге көлік нөмірін ауыстыру міндеттелмейтіндігін, бұл процесс сатылы түрде жүретіндігін естеріңізге сала кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: auto.lafa.kz