Массагет жүргізушілері үшін: Механика VS Автомат

Массагет жүргізушілері үшін: Механика VS Автомат

Көлік әлемінде жүргізушілер назары бірінші кезекте жүріс қорабына ауып жатады. Оның артық тұстары мен кемшін жақтарын саралай кетсек дейміз...

Механика

Механикалық жүріс қорабы автоматтандырылған немесе роботтандырылған трансмиссиялармен салыстырғанда қарапайым әрі орнықты орналастырылған агрегат саналады. 

Қарапайым құрылымының арқасында көлік бағасы өзге қорап түрлерінен арзан келеді. Сонымен бірге, жабдықтау мен эксплуатацияда көп қиындық туғызбайды. 

Сол уақытта механикалық жүріс қорабы жүргізушінің белсенді әрекет қимылын күтеді. Бір сөзбен айтқанда, механиканы басқаруда адам орны ерекше рөлге ие деген сөз. Тәртіп мысалында, жүргізушінің тәжірибелілігі көп мәнде үлкен септігін тигізеді. Өйткені, әрбір көлік тізгініндегі адам жүріс қорабын қай уақытта тізгіндеу, қай уақытта жылдамдықты арттыру керектігі турасында міндеттерін өзі жақсы біліп отырмақ. Және өз кезегінде қиын күрделі сәттерде де жүргізушінің өз ойындағысы орындалады.

Артық тұстары:

1) Құрылымдалуының қарапайымдылығы, жабдықтау мен қызметтің арзанға түсуі. 

2) Көліктің "өз" қозғалтқышы істен шыққан жағдайда да, жүріс қорабының бұл түрі қозғалысқа жарамды болып қала бермек.

3) Жанармай үнемділігі (автоматтандырылған жүріс қорабына қарағанда, механика жанармайды 10-15% аз шығындайды). Сонымен бірге, жүріс қорабы жылдамдық арттырудың қозғалысымен көңіл қуантады. 

4) Пайдалы іс-әрекеттің жоғары пайыздылығы (механика қозғалтқыштың бүкіл күш-қуатын іске қоса алады).

5) Жүргізуші өз ыңғайына қарай жүріс түрін (стилін) таңдай алады. Қозғалтқыштар айналымын көтере де, төмендете де алады). 

6) Оталдыру мен аккумулятор қуатының істен шыққан аралығында қозғалтқыштың іске қосылу мүмкіндігі.

7) Батпақ, қар, лайсаңда көліктің өз жүрісімен шығып кетуі. 

Кемшін тұстары:

1) Жаңа жүргізушілерге пайдалану қиындығы. Енді-енді көлік тізгініне жармасқан адамдар ілінісу (сцепление) мен қорап шынжырларына зақым тигізуі мүмкін. Мысалы, алдыңғы ілінісудің орнына артқыны немесе артқының орнына алдыңғыны қосып жіберу. 

2) Моторды іске қосуда жаңылысып кету (көбіне тәжірибесіз жүргізушілерге қарата айтылады. Дер кезінде жоғары немесе төмен сатыға (ступень) қосыла алмағандықтан, қозғалтқыш аса ауыр қозғалысқа тап болады). 

3) Жылдамдыққа қосып-алуда уақыттың кетуі (жүріс қорабы қозғалтқыштан бөлектеніп қалып, қуаттың кемшін соғуына алып келеді). 

4) Қалалық жүрісте шаршатып жібереді. Өйткені, жүрісті іске қосып, істен шығарып отыруға тура келеді. 

Автомат


Автоматтандырылған жүріс қорабында механикаға қарағанда шынжыр мен агрегаттар көп болады. Дәл сол себепті, жөндеуге, қайта жабықтауға көп қаражат кетпек. Дегенмен, қалалық жүрісте жүріс қорабының бұл түрі қолайлылық туғызады (өйткені, істен шығарып, қосып отырмайсыз). Жаңадан жүргізіп жүргендердің көңіліне жағуы оңай. 

Артық тұстары:

1) Эксплуатацияның оңтайлылығы (ілінісуді (сцепление) үнемі қосып отырмайсыз).

2) Қозғалтқышты ауырлатудың еш қатері жоқ (автомат қорабы жүрістің не төмен, не жоғары бөлігіне қосылудың оңтайлы сәтін өзі таңдайды). 

3) Мотордың қуаттылығын жоғалтпастан, төмен сатыдан жоғары сатыға, не керісінше өте бересіз.

Кемшін тұстары:

1) Жөндеу мен жабдықтаудың қымбатқа түсуі.

2) Көлік динамикасының төменділігі. 

3) Механикамен салыстырғанда жанар-жағармайдың көп кетуі.

4) Кез келген тұста көлікті жетекке алудың қиындығы (буксировка). Эвакуатордың көмегінсіз еш мүмкін емес. 

5) Күрделі (толыққанды) жөндеу жұмыстарына дейін көп бұзылуы (механикаға қарағанда)

Қорытынды

Қалай дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды, заманауи автоматтандырылған жүріс қорабы күрделеніп, үнемділігі арта түседі деген сенімдеміз. Ал "механика" оралар болсақ, жүріс қорабының осы бір түрі құрылымдалуының қарапайымдылығы мен жанар-жағармайды аз шығындауымен алға шығып отыр.

Енді Массагет жүргізушілерінің назарына шағын сауалнама ұсынамыз. 

Механиканы таңдайсыз ба, автоматты ма? 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет:joyreactor.cc 

Л. Лига