"Жыл автокөлігі-2014" байқауында Mercedes-Benz S-Class көш бастап келеді

"Жыл автокөлігі-2014" байқауында Mercedes-Benz S-Class көш бастап келеді

Autogoda.kz сайтында жылдың ең үздік автокөлігі анықталып жатыр. Онлайн дауыс беру үстіміздегі жылдың 20 тамызында басталды, 14 қарашаға дейін жалғаcады. Үміткер кез келген автокөлік әр түрлі категориялар бойынша сынға түседі.

Қазіргі кезге дейін дауыс беруге 40 мың адам қатысты және бұл сандық көрсеткіш күн сайын өсіп келеді. Дауыс беруге қатысқан адамдардың бірі байқау соңында көлік иемденетін болады (әр дауыс берушінің өз жеке нөмірі бар). Жеңімпаз салтанатты марапаттау кезінде анықталады.

Бәйгеде Mercedes-Benz S-Class жаңа көлігі көш бастап келеді екен. Бұл көлікті халық қолайлылығы мен айрықша дизайны үшін бағалайтын болып шықты.

Қазақстандықтардың ең көп мінетін көліктерінің енді бірі Toyota Camry болып шықты. Қонымды және жылдам Toyota орта кластағы көліктер қатарында бірінші орынды иемденіп келеді. Дегенмен, немістің көлігін ұнататындар да аз емес. Жарыстың жеңімпазын алдын ала болжау қиын.

Toyota Land Cruiser Prado да көп дауыс жинағандардың бірі. Бұл авто "ортакөлемді SUV " сегментінде көш бастап келеді.

Бір қызығы, тұтынушылар Қазақстанда құрастырылған көліктерге де назар аударған. KIA Quoris "табысты класс" категориясында BMW 7-series және Audi A8 секілді көліктерді басып озып, Mercedes-Benz S-кластан кейін екінші орында тұр.

Сондай-ақ, өз сегментерінде қазақстандық тапсырыспен құрастырылған Skoda Rapid, KIA Cerato, KIA Cadenza, KIA Cerato Koup және Peugeot Partner көліктері дауыстарды жақсы жинауда.

Онлайн дауыс беру қарашаның 14-не дейін жалғасады. Дәл сол күні жылдың үздігі деп танылған көліктің аты аталады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: newauto.kz

Ж. Өрісбай