Иса Ақбербаевтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Иса Ақбербаевтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

IBO Intercontinental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Иса Ақбербаев өзінің келесі жекпе-жегін 1-ші қазанда өткізетін болды.

Жекпе-жек АҚШ-тың Санта-Моника қаласында өтеді. Әзірге қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз. Иса Ақбербаевтің кездесуі франциялық Хассан Н’Дам Н’Жикам мен америкалық Кертис Стивенс арасындағы бокс кеші аясында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы спорттық мансабын 2009 жылы бастады. Ол өзінің соңғы жекпе-жегінде кениялық Моррис Околоны жеңген болатын. Қазақстандық боксшы үшін алдағы кездесу кәсіпқой бокс алаңдағы 13-ші жекпе-жегі болады. 5 жыл көлемінде 12 жекпе-жек өткізген жерлесіміз әзірге қарсыластарынан опық жеп көрген жоқ. Иса 12 жекпе-жектің 7-еуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Н. Айдархан