Зарина «US Open» додасының үшінші кезеңіне өтті

О Сансызбай Корреспондент
Зарина «US Open» додасының үшінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ ашық біріншілігінің (US Open) үшінші кезеңіне өтті. Нью-Йоркте өтіп жатқан жарыстың екінші кезеңінде отандасымыз Кэтрин Кэртан Беллистен басым түсті.

БӨЛІСУ

Екі сағатқа жуық кортта ойын өткізген қарсыластар тартысында Зарина 15 жастағы америкалық теннисшіні жарыс жолынан шығарды. Бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңгенмен, екінші кезеңде жерлесіміз 0:6 есебімен есе жіберіп алды. Ал үшінші кезең 6:2 нәтижесімен Заринаның пайдасына шешілді. Енді ол үшінші кезеңде әлемнің 17-ші ракеткасы ресейлік Екатерина Макаровамен кездеседі.

«US Open» - «Үлкен дулыға» санатына жататын байрақты бәсекелердің бірі. Қазіргі таңда доданың жекелей сынында жерлестеріміздің қатарынан жалғыз Зарина Диас қана жарысты жалғастыруға қауқары жетіп келеді. Турнирдің алғашқы кезеңінде Александр Недовесов, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин және Андрей Голубев сынды теннисшілеріміз жарысты аяқтаған болатын.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет:sports.kz