Головкин мен Рубио «ESPN» арнасының бағдарламасында жолықты

О Сансызбай Корреспондент
Головкин мен Рубио «ESPN» арнасының бағдарламасында жолықты

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мен орта салмақтағы келесі қарсыласы WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің уақытша иегері Марк Антонио Рубио «ESPN» телеарнасының жекпе-жек алдындағы жоспарланған бағдарламасына қатысты.

БӨЛІСУ

Лос-Анджелестегі телеарна ғимаратында өткен кездесуде екі боксшы да алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатқандықтарын жеткізді.

- Мен келесі кездесуімді Калифорнияда өткізетініме толқып жүрмін. «StubHub Center» кешенінде бокс кешін көруді жақсы көретінмін. Марк Антонио Рубио нағыз мексикалық стильдегі бокс шайқасын танытады деген сенімдемін, - деген еді осыған дейін Геннадий.

Ал мексикалық боксшы болса, GGG шеберлігін жоғары бағалап, «ұлы чемпион» деп атауда. Бірақ, отандасымызды нокаутқа жіберуге шамасы жететінін мәлімдеп отыр. Ол алдағы кездесуде тәжірбиесі мен күшіне сенетінін жеткізді.

Қос қарсылас арасындағы жекпе-жек 18 қазан күні өтеді. Шаршы алаңдағы шайқасты әйгілі «НВО» телеарнасы тікелей эфирде тарататын болады.


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com