Қазақстан құрамасы дайындығын 30 тамызда бастайды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы дайындығын 30 тамызда бастайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан мен бапкерлер қосыны футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ұлттық құраманың кеңейтілген құрамдағы тізіміне 34 футболшы енген. Оқу-жаттығу жиындарын 30 тамыз күні бастайды. 5 қыркүйекте Қырғызстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізсе, араға 4 күн сала 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Латвиямен кездеседі. Қос кездесу де «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Жасақталған ұжымның кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Мокин Александр ("Шахтер"), Логиновский Владимир ("Астана"), Павлов Станислав ("Ақтөбе"), Сидельников Андрей ("Ақтөбе"), Покатилов Стас ("Шахтер").

Қорғаушылар: Абдулин Ренат ("Атырау"), Ахметов Елдос ("Астана"), Воротников Илья ("Тараз"), Бейсебеков Абзал ("Астана"), Гурман Марк ("Қайрат"), Дмитренко Виктор ("Астана"), Малый Сергей ("Шахтер"), Мирошниченко Дмитрий ("Ақтөбе"), Мулдаров Алексей ("Ақтөбе"), Нұрғалиев Азат ("Ордабасы"), Сүйімбаев Ғафуржан ("Ордабасы"), Логвиненко Юрий ("Ақтөбе");

Жартылай қорғаушылар: Богданов Анатолий ("Тобыл"), Исламхан Бауыржан ("Қайрат"), Қонысбаев Ұлан ("Шахтер"), Коробкин Валерий ("Ақтөбе"), Коструб Евгений ("Атырау"), Қуантаев Ермек ("Қайрат"), Шомко Дмитрий ("Астана"), Хайруллин Марат ("Ақтөбе"), Байжанов Мақсат ("Шахтер");

Шабуылшылар: Байтана Бауыржан ("Қайрат"), Дарабаев Аслан ("Қайрат"), Жолшиев Бауыржан ("Астана"), Нөсербаев Танат ("Астана"), Щеткин Алексей ("Тараз"), Лунин Станислав ("Қайрат"), Жаңғылышбай Тоқтар ("Шахтер"), Хижниченко Сергей ("Корона")

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы кездесуін 13 тамыз күні Тәжікстан құрамасына қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz