Қазақ шоумені волейболшы Сәбина жайлы бейнеклип түсірді

Қазақ шоумені волейболшы Сәбина жайлы бейнеклип түсірді

Белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов қазақстандық спортшыларға арнап бейнеклип түсірді. Бұл туралы radiotochka.kz хабарлады.

Бейнеклип «Красавчики спорта» деп аталады. Ал басты назарда әлем интернетін дүр сілкіндірген сұлу волейболшы қыз Сабина Алтынбекова. Сәбинадан басқа қазақстандық чемпиондар Серік Қонақбаев, Асылбек Келимов, Ермахан Ибраимов, Дәулет Тұрлыханов, Юрий Мельниченко, Владимир Смирнов, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Генадий Головкин, Денис Тен, Александр Винокуров, Бақтияр Артаев, Бейбіт Шүменов, Серік Сәпиев, Василий Жиров, Бақыт Сәрсекбаев айтылады.

Басылымға берген сұқбатында Дәуіт Шайхисламов шетелдіктердің Сәбинаға деген қызығушылығын өзінше қолдағысы келгенін айтады. «Иә, қазақстандық чемпиондар көбейіп жатыр. Бұл қуанышты жайт», – дейді шоумен.  

Оның айтуынша, музыкаға ешқандай да синтезделген дыбыс қосылмаған, бәрі де нағыз музыкалық аспаптың дыбысы. Әнді мәскеулік «Мамульки band» музыкалық ұжымы сүймелдеді. Бейнебаян Алматы қаласындағы Шаңғы трамплин кешенінде түсірілген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: бейнеклиптен скриншот

А. Құлтай