Зарина Диас WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас бүгін жаңарған WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылап, өз нәтижесін жақсарта түсті.

БӨЛІСУ

Жиырма жастағы қазақ қызы бұдан бұрын 54-ші сатыда тұрған болатын. Жаңадан түзілген бүгінгі рейтингте жерлесіміз 53-ші орынға тұрақтады. Қазақстандық бірінші ракетка Ярослава Шведова да бір сатыға көтеріліп, өз атағын сақтап қалды. Шведова мен Заринаның арасын тек бір саты ғана бөліп тұр.

Еліміздің бұрынғы бірінші ракеткасы Галина Воскобоева 104-ші орыннан 118-ші орынға түсіп қалды. Ал, Сесиль Каратанчева 173-ші орыннан 150-ші сатыға көтерілсе, Юлия Путинцева 171-ші орыннан 169-ға жоғарылады.

WTA рейтингінің жаңа тізімінде алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер орын алған жоқ. Тізім басында бұрынғыша америкалық Серена Уильямс келеді. Екінші орынды қытайлық теннисші Ли На еншілесе, румыниялық теннисші Симона Халеп үздік үштікті түйіндеп тұр.

28 шілде күні жарияланған WTA рейтингі:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9231,

2 (2). Ли На (Қытай) - 6960,

3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6785,

4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 6070,

5 (5). Агнешка Радванска (Польша) - 5130,

6 (6). Мария Шарапова (Ресей) - 4881,

7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4460,

8 (8). Ангелика Кербер (Германия) - 4365,

9 (9). Елена Янкович (Сербия) - 3900.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: allboxing.ru