Юрий Красножан ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Юрий Красножан ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан құраманың кеңейтілген тізімін жариялады.  Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ұлттық құрама футболшылары тамыз айының 5-13 аралығында Талғар қаласында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Сол жерде 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындықтар пысықтап, алдағы жоспарлар айқындалатын болады.

Кеңейтілген құрама тізімі:

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Александр Петухов («Тобыл»), Владимир Плотников («Жетісу»), Станислав Павлов («Ақтөбе»). 

Қорғаушылар: Ермек Қуантаев, Марк Гурман (екеуі де «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко, Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров (үшеуі де «Ақтөбе»), Марат Бутуев, Ренат Абдулин (екеуі де «Атырау»), Сергей Малый, Александр Киров (екеуі де «Шахтер»), Виктор Дмитренко, Евгений Постников, Дмитрий Шомко (үшеуі де «Астана»), Кирилл Пасичник («Оқжетпес»), Илья Воротников («Тараз»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Валерий Коробкин, Асхат Тағыберген (екеуі де «Ақтөбе»), Альмир Мухутдинов («Ертіс»), Евгений Коструб («Атырау»), Бауыржан Жолшиев, Абзал Бейсебеков (екеуі де «Астана»), Станислав Лунин, Аслан Дарабаев, Бауыржан Исламхан (үшеуі де «Қайрат»), Эдуард Сергиенко, Жақып Қожамберді (екеуі де «Тараз»), Мардан Төлебек , Азат Нұрғалиев (екеуі де «Ордабасы»), Ұлан Қонысбаев, Андрей Финонченко (екеуі де «Шахтер»), («Тараз»), Рахымжан Розыбакиев («Қайсар»).

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Тараз»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»).

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: rg.ru