Футболдан ел кубогының алғашқы айналымы аяқталды

Футболдан ел кубогының алғашқы айналымы аяқталды

Жаңа ғана футболдан Қазақстан Республикасы кубогының алғашқы айналымындағы кездесулер мәресіне жетті. Назарларыңызға нәтижелерін ұсынамыз.

Жеребе бойынша бірінші айналымда 22 команда өнер көрсетті. 11 жұп болып өнер көрсеткен клубтар арасындағы жеңімпаздар қатарына екінші айналымда өткен маусымның жартылай финалына шыққан "Шахтер", "Тараз", "Ертіс" және "Ақтөбе" командалары қосылады. Сонымен қатар, үздік көрсеткіш көрсеткен «Астана» командасы да жарысты осы кезеңнен бастайды.

Ережеге сәйкес алғашқы айналымда премьер-лига командалары бірінші лигадағы командалармен кездесті. Ал ойындар да бірінші лига клубтары мен аутсайдер команда алаңында өтті. Премьер-лига клубтары арасында семейлік «Спартак» пен талдықорғандық «Жетісу» сүрінді.

Сонымен алғашқы айналым қорытындысы төмендегідей:

"Жетысу-Сұңқар" - "Қайсар" 0:2

"Болат" - "Атырау" 0:2

"Гефест" - "Жетісу" 5:1

"Екібастұз" - "Ордабасы" 0:3

"Бәйтерек" - "Тобыл" 0:4

"Лашын" - "Спартак" 2:0

"Оқжетпес" - "Қайрат" 1:3

"Астана-1964" - "Мақтарал"

"Каспий" - "Восток" 1:4

"ЦСКА - "Қызылжар" 0:3

"Қыран" - "Ақжайық" 3:0

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz

Ө. Сансызбай