Зарина Диас Цибулкованы жеңе алмады

Зарина Диас Цибулкованы жеңе алмады

Қазақстандық талантты теннисші Зарина Диас Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында WTA рейтингінде 10-шы орнында тұрған Доминика Цибулковадан айласын асыра алмады.

Ойынның бірінші сетін сәтті бастаған 20 жастағы жерлесіміз 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші (2:6) және үшінші (4:6) сет ойындары барысында қарсыласқа есе жіберіп алды. Корттағы кездесу аяқталғаннан кейін словак теннисшісі тілшілермен өз ойын бөлісті.

- Меніңше, Зарина Диас жаман өнер көрсеткен жоқ. Әлі жас, болашақ асулары алда екенін байқатты. Ол өте еркін ойнады. Осы ойыннан кейін, әр кездесуге қарсыласты барынша танып шығуға назар аударатын болдым, – деді.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас осыған дейін италиялық Джулию Гатто-Монтикон және грек Элени Данилидуды жеңген болатын. Ал жарыстың жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай