«Тараз» Пайперсты шығарып салды

О Сансызбай Корреспондент
«Тараз» Пайперсты шығарып салды

«Тараз» футбол клубы нидерландылық маман Арно Пайперспен келісімшартын бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты ақпарат таратты.

БӨЛІСУ

Тараздық команда маусымды сәтсіз бастады. Өз қақпаларына көп гол да жіберді. Алты кездесудің төртеуін жеңіліспен аяқтады. Нәтижесіне көз жүгіртер болсаңыз, клуб құлдырап барады. Нидерландылық бапкер команданы бұл тығырықтан алып шыға алмайтын болған соң, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға тура келді”, – деп жазылған ақпаратта.

Қазіргі таңда уақытша бас бапкер қызметін Нұрмат Мырзабаев атқаратын болды. Соңғы жылдары бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып келген жаттықтырушы Тараз футбол мектебінің түлегі. 2007 жылы «Тараз» сапында спорттық мансабын аяқтаған футболшы 19 сәуір күнгі өз алаңындағы «Атырауға» қарсы кездесуге клубты бастап шығады. Ал оның көмекшісі қызметін Нұркен Мазбаев пен Юрий Новиков атқаратын болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қостанайлық «Тобыл» командасы бас бапкерсіз қалған болатын. Қазіргі таңда клуб Сергей Масленовтың орнына білікті маман қарастыруда. Соңғы ақпараттар бойынша бұл орынға керекулік «Ертістің» экс-бапкері Талғат Байсуфинов келуі мүмкін деген де сыбыстар шығуда.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, sports.kz