«Дэвис Кубогы». Федерер есепті теңестірді

«Дэвис Кубогы». Федерер есепті теңестірді

«Дэвис Кубогы» аясында Швейцариямен кездесіп жатқан Қазақстан теннисшілерінің арасындағы ойында есеп теңесті. Әлемнің  үздік ракеткаларының бірі Роджер Федерер Михаил Кукушкинді сенімді түрде жеңді.

Үш сетте де басымдығын байқатқан швейцариялық теннисші жерлесімізді 6:4, 6:4, 6:2 нәтижелерімен тізе бүктірді. Михаил барынша тырысқанымен, азулы қарсыласқа төтеп бере алмады.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесуде қазақстандық Андрей Голубев әлемнің үшінші ракеткасы саналатын және Australian Open-2014 жеңімпазы Станислав Вавринканы жеңген болатын. Ертең кортқа жұптасып өнер көрсететін теннисшілер шығады. Ел намысын Александр Недовесов пен Евгений Королев қорғаса, қарсыластардан Роджер Федерер мен Станислав Вавринка өнер көрсетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай